Тоқаев Құрылтай сайлауындағы саяси науқанға баға берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс беріп болған соң журналистерге брифинг өткізіп, сұрақтарына жауап берді.

23 Тамыз 2026, 13:46
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 23 Тамыз 2026, 13:46
23 Тамыз 2026, 13:46
122
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент брифингте саяси науқанға қатысқан партиялар арасындағы бәсекеге өз бағасын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы «Сайлау науқанын жіті бақылаған боларсыз. Осы жолғы партиялар арасындағы саяси бәсекенің деңгейіне қандай баға берер едіңіз?» деген журналист сқрағына жауап бере отырып, саяси науқанға оң бағасын берді.

Меніңше, саяси науқан жақсы өтті. Өті ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды. Жастарымыз үлкен ықыласпен пікірталастарды, теледебаттарды көрді. Оған бәріміз куә болдық. Сол себепті бұл жаңғыруымыздың жаңа кезеңі деп айтсақ қате болмайды. Бұл алға жасалған үлкен қадам болды, - деп ойын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев №520 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауында дауыс берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесінде журналистерге берген сұқбатында көпшілікті қызықтырған Вице-президент кім болатыны туралы сұраққа жауап берді.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев Үкіметте кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты 

Наверх