Жаңбыр, қар және көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

2026 жылғы 7–9 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы.

6 Қараша 2026, 20:19
АВТОР
 pixabay.com 6 Қараша 2026, 20:19
6 Қараша 2026, 20:19
143
Фото: pixabay.com

Алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кезеңнің басында солтүстік өңірлер арқылы солтүстік циклонның жырасы өтсе, 8 қарашадан бастап еліміздің аумағы арқылы оңтүстік циклон жылжиды.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп күтіледі.

8 қарашада батыс өңірлерде қатты жаңбыр, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), еліміздің оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.

Ауа температурасы:

  • Батыста: түнде −3…+5 °C-тан −8…+3 °C-қа дейін, күндіз +5…+15 °C-тан +2…+10 °C-қа дейін төмендейді.

  • Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы −1…−8 °C-тан −6…+3 °C-қа дейін сәл жоғарылайды, күндіз +2…+10 °C-тан −3…+5 °C-қа дейін төмендейді.

  • Шығыста: түнде −9…+2 °C-тан −5…+8 °C-қа дейін, күндіз +2…+12 °C-тан +9…+17 °C-қа дейін жоғарылайды.

  • Оңтүстікте: түнде −2…+6 °C-тан +7…+17 °C-қа дейін жоғарылайды, күндіз +10…+23 °C пен +18…+27 °C аралығында құбылады.

  • Оңтүстік-шығыста: түнде ауа температурасы +0…+10 °C-тан +7…+15 °C-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда −3…−8 °C-тан 0…+5 °C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +15…+25 °C-тан +17…+25 °C-қа дейін, таулы аудандарда +10…+15 °C шамасында болады.

Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады. 

Наверх