Мемлекет басшысы елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президентін елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Шавкат Мирзиёев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысуға келген болатын.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Астанада Ақаба процесінің «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған саммиті өтті.
Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысты.