Астанада 7 қарашадан бастап Абылай хан даңғылындағы автобус жолағының жұмыс тәртібі өзгереді

Демалыс күндері автобус жолағына шыққан жүргізушілерге айыппұл салынады.

 CTS 6 Қараша 2026, 03:28
6 Қараша 2026, 03:28
135
Фото: CTS

Астанада 7 қарашадан бастап Абылай хан даңғылының Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі бөлігіндегі автобус жолағының жұмыс тәртібі өзгереді. Бұл туралы BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, 7.5.2 «Жұмыс күндері» қосымша ақпарат белгісі алынып тасталады. Осыған байланысты автобус жолағы аптаның барлық күнінде, соның ішінде демалыс және мереке күндері де жұмыс істейді, – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар автобус жолағының уақыт режимі өзгеріссіз қалады. Ол сағат 06:30-дан 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жүргізушілер жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауы қажет. Автобус жолағына қатысты талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салынады, – деп атап өтті әкімдік.

Наверх