Министрліктің мәліметінше, қазақстандық азамат кемеден түсіп, алдымен Делиге ұшқан. Кейін Үндістаннан шыққан.
Осы кезеңде Қазақстан дипломаттары теңізшіге консулдық-құқықтық көмек көрсеткен.
Айта кетейік, Unity танкері 11 мамырдан бері Үндістанның Парадип порты маңында зәкірде тұр. Камерун туымен жүзетін кеме ұзақ уақыт бойы портта ұсталған.
Теңізшілердің туыстарының айтуынша, кеменің иесі – Bluetide Charters FZE компаниясы. Танкердің ұзақ уақыт қозғалыссыз тұруы салдарынан экипаж мүшелері азық-түлік пен ауыз су тапшылығына тап болған. Бұған қоса, байланыс үзіліп, техникалық ақаулар да туындаған.
6 қазанда Орисса штатының Жоғарғы соты Үндістан билігіне экипаж мүшелерін елдеріне қайтару үшін шұғыл шаралар қабылдауды міндеттеді.
Кемеде Ресейдің 20 азаматы, сондай-ақ Мысыр мен Қазақстан азаматтары болған. Сот кеме иесінің экипажды қажетті көмексіз қалдырғанын анықтап, теңізшілерді кемеден түсіруді, отандарына қайтаруды және экипаж құрамын ауыстыруды қысқа мерзімде ұйымдастыруды тапсырды.