Балалар мен әйелдер бар: Қазақстанда 15 тәжікстандықты түн ортасында эвакуациялады

Самара – Шымкент тасжолында шетелдік автобус кенеттен тоқтап қалған. Оқиға орнына жеткен полиция мен құтқарушылар жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді.

6 Қараша 2026, 09:14
АВТОР
 видеодан алынған кадр 6 Қараша 2026, 09:14
6 Қараша 2026, 09:14
200
Фото: видеодан алынған кадр

6 қараша күні сағат 01:11 шамасында республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автожолының 1214-шақырымында патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автобусты байқаған.

Тексеру барысында Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған Van Hool автобусының техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалғаны анықталды. Автобус салонында екі жүргізуші мен 15 жолаушы болған. Олардың алтауы – әйел, төртеуі – бала, бесеуі – ер адам. Барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар қызметі мамандарымен бірлесіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Олар Ырғыз ауылының қиылысында орналасқан мешітке орналастырылды.

Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж емес. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Полиция жүргізушілерді алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Наверх