Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Синоптиктер 6 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын ескертті.

 pixabay 6 Қараша 2026, 07:54
6 Қараша 2026, 07:54
208
Фото: pixabay

6 қарашада Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін жағдайлар Алматы мен Талдықорғанда болжанып отыр. Ал түнгі уақытта мұндай жағдай Павлодар мен Өскеменде болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Олар зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына әсер етеді.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауадағы ластану деңгейінің қалыптасуына желдің бағыты, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы сияқты метеорологиялық жағдайлар әсер етеді.

Осыған байланысты мамандар қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде мынадай сақтық шараларын ұсынады:

  • Ашық ауада, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерлерде болу уақытын қысқарту. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.
  • Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
  • Ашық ауадағы дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан жөн.
Наверх