Өзбекстанда уланып қалған қазақстандық балалар елге оралды

 видеодан скриншот 6 Қараша 2026, 17:00
6 Қараша 2026, 17:00
235
Фото: видеодан скриншот

Өзбекстанда уланып қалған қазақстандық жас футболшылар елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Футбол турниріне қатысу үшін Өзбекғстанға барып, денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен жас футболшылар Қазақстанға қайтты. Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Уақытылы көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында балалардың жағдайы жақсарып, олардың барлығы ауруханадан шығарылды. Денсаулық сақтау жүйесінің жауапты тұлғалары мен медицина қызметкерлері жас спортшыларға мықты денсаулық пен футбол алаңында жаңа жеңістер тілеп, шығарып салды, - деп хабарлады Өзбекстанның ДСМ өкілдері. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ташкентте Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол фестиваліне қатысып жатқан Қазақстанның 15 жас футболшысы ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді. Балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ Өзбекстанда уланып қалған қазақстандық балалардың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді. 

Ташкентте Қазақстаннан барған балалардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sog‘liqni saqlash vazirligi (@ssvuzrasmiy)

Наверх