Бір вагонға сыйған қала: Алматы метросындағы таңғы қарбалас

6 Қараша 2026, 12:54
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина 6 Қараша 2026, 12:54
6 Қараша 2026, 12:54
143
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Таңғы қарбалас уақытта Алматы метросына жолаушыларға лық толады. Бірі жұмысқа, енді бірі оқуға асығып, пойызға мінуге тырысады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігінің бір бөлігіне айналған осы көріністі өз көзімізбен көру үшін бүгін таңертең BAQ.KZ тілшісі метроға барып, ондағы жағдайды бақылап қайтты. 

Алматының батыс аймағынан келетін халықтың күні осы метродан басталады. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Жұмысына, сабағына асыққан жұрт көбіне метромен барғанды жөн көреді. Себебі қоғамдық көліктің бұл түрімен қалаған жеріңе жету оңай әрі тез. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Оқу жылы басталғалы метромен жүретін халық саны 73,3 пайызға артқан екен. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Бұл жолы халық көп жүретін «Бауыржан Момышұлы» метро бекетіне шолу жасадық. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Жалпы бір тәулікте жолаушылар саны орта есеппен 130 мың адам болса, қарбалас уақытта таңертең сағатына 11 мың, кешке 9 мың адамға жеткен екен. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Жолаушылар әсіресе таңертең 07:00-ден 09:00-ге дейін, ал кешке 17:00-ден 19:30-ға дейін айтарлықтай көп болады.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Ең көп адам жиналатын бекеттер – «Абай», «Байқоңыр» және «Бауыржан Момышұлы», «Райымбек батыр». 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

«Бауыржан Момышұлы» мен «Райымбек батыр» бекеттері соңғы аялдама болғандықтар мұнда кіретін де, шығатын да адамдар көп. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Қарбалас уақытта жолаушылар көп шоғырланатын бекеттерде қызметкерлер саны арттырылады. Олар турникеттер, эскалаторлар мен платформаларда кезекшілік етеді. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Әдетте пойыздар әр минут сайын жүрсе, қарбалас уақыттарда 4 минут 26 секунд сайын өтеді. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Метрополитеннің 11 бекетінде жолаушылар кіретін 95 турникет жұмыс істеп тұр. Жолаушылар ағынына жүргізілген талдау бойынша, метро жолаушыларының 50 пайыздан астамы Onay картасын пайдаланады. Сонымен қатар, көптеген жолаушы жолақысын банк картасы арқылы төлейді.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

2026 жылдың соңына дейін "Қалқаман" метро бекетін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алайда жолаушылардың бірі "Қалқаманнан" "Барлық" бекетіне дейінгі метро желісінің құрылысы тезірек басталса жақсы болар еді дейді. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Қала билігінің мәліметінше, қазіргі уақытта "Барлық" бекетіне дейінгі метро желісінің құрылысы басталған.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Метроны одан әрі дамыту үшін "Жібек жолы" бекетінен Алматы әуежайына дейінгі екінші желінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Сонымен қатар, қала басшылығының айтуныша, қоғамдық көлік, оның ішінде автобус тасымалы мен метрополитенді субсидиялауға да қосымша қаражат қарастырылған екен. 

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда полиция жолаушыларды метроға кіргізбеді: Себебі белгілі болды 

Наверх