Қазақстанда мыс фольгасын өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды

Келіссөздер барысында өнеркәсіптік әріптестікті нығайту, заманауи шетелдік технологияларды енгізу және жоғары қосылған құны бар өндіріс орындарын ашу мәселелері қаралды.

 Үкімет 6 Қараша 2026, 23:39
6 Қараша 2026, 23:39
143
Фото: Үкімет
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Londian Wason New Energy Tech Inc. компаниясының бас директоры Чжоу Гуанлиньмен және NAIKAN Ltd. компаниясының басшысы Александр Нигаймен кездесті.

Келіссөздер барысында өнеркәсіптік әріптестікті нығайту, заманауи шетелдік технологияларды енгізу және жоғары қосылған құны бар өндіріс орындарын ашу мәселелері қаралды.

Тараптар Қазақстанда отандық катодты мысты пайдалана отырып, мыс фольгасын шығаратын зауыт салу бастамасын талқылады. Бұл өнім аккумуляторлар, энергия сақтау жүйелері мен заманауи микроэлектроника өндірісінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, қазақстандық мыс фольгасын Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасында пайдалану мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу кезінде жергілікті шикізатты қолдану, қазақстандық мамандарды техникалық даярлау және дайын өнімді халықаралық нарықтарға экспорттау мәселелеріне баса назар аударылды.

Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің шикізатқа тәуелділікті азайтып, оны терең өңдеу арқылы дайын өнім өндіруді дамытуға басымдық беріп отырғанын жеткізді.

Келіссөздер нәтижесінде NAIKAN Ltd. және Londian Wason компаниялары Қазақстан аумағында зауыт салу жобасын бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды.

Наверх