Дипломдағы қате әйелдің зейнетақы алуына кедергі келтірді

6 Қараша 2026, 19:35
АВТОР
 gov.kz 6 Қараша 2026, 19:35
6 Қараша 2026, 19:35
181
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны дипломындағы қателіктерге байланысты училищеде оқыған кезеңін растай алмады. Бұл мерзімді зейнетақы тағайындау кезде ескеру үшін оған сотқа жүгінуге тура келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Есіл аудандық соты әйелдің Петропавлдағы № 23 техникалық училищенің дипломы өзіне тиесілі екендігі туралы фактіні анықтау жөніндегі өтінішін қарады.

Мәселе дипломдағы және басқа құжаттардағы тегі, аты және әкесінің атының сәйкес келмеуінен туындаған. Осыған байланысты уәкілетті орган оқу кезеңін әйелдің еңбек стажына қоспаған. Бұл зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне әсер етті.

Сот архивтік құжаттарды зерттеді. Олардан 1982 жылғы 1 қыркүйекте әйелдің училищеге тұрмысқа шыққанға дейінгі тегімен оқуға қабылданғаны белгілі болды. 1983 жылғы 20 шілдеде ол толық оқу курсын аяқтап, біліктілік емтихандарын тапсырған және «Азық-түлік тауарларының сатушысы» мамандығы бойынша диплом алған.

Оқу фактісін әйелдің бұрынғы курстастары да растады. Олар сотта куәгер ретінде сөз сөйледі, сонымен қатар олардың есімдері де оқудан шығару туралы бұйрықта көрсетілген.

Сот сауалнамалық деректердегі қателіктер оқу фактісін және дипломның өтініш берушіге тиесілі екенін теріске шығармайды деген қорытындыға келді. Ал құжатты соттан тыс тәртіппен алу немесе қалпына келтіру мүмкін болмаған.

Нәтижесінде сот өтінішті қанағаттандырып, 1983 жылғы 20 шілдеде берілген дипломның әйелге тиесілі екендігі туралы фактіні анықтады. Бұл оған оқу кезеңін еңбек стажына қосу және кейіннен зейнетақыны қайта есептеу үшін растауға мүмкіндік береді, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 46 жалған диплом және оларды сататын 20 сайт анықталды. 

Тағы оқи отырыңыз:

СҚО-да бюджет ақшасын жымқырған әкімдік бухгалтерлеріне сот үкімі шықты

Патрульдік көлікте отырып, терезеден түкірген полицей жауапқа тартылды

Жас мамандар шартты бұзған: БҚО-да ауылға барып, әлеуметтік қолдау алғандар 36 млн теңгені қайтарады

Наверх