Қызылордада автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді

6 Қараша 2026, 13:21
АВТОР
 Қызылорда облысының әкімдігі 6 Қараша 2026, 13:21
6 Қараша 2026, 13:21
155
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысында жол ережесінің бұзылуын автоматты түрде тіркейтін жүйе жедел жәрдем көліктерімен қатар автобустарға да орнатылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының өкілі Мұратбек Манатовтың айтуынша, жол ережесінің бұзылуын автоматты түрде тіркейтін жүйе жедел жәрдем көліктерімен қатар автобустарға да орнатылып жатыр. Мобильді кешендер камералармен, радарлармен және жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған.

Көлікке орнатылған мобильді кешен жол қозғалысы қағидаларының сақталуын бақылап, ереже бұзылған сәтті автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты – құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, - дейді Мұратбек Манатов.

Жедел жәрдем көліктерінде мұндай жүйені қолданудың мәні – шақыртуға бара жатқан бригаданың кедергісіз қозғалуына жағдай жасау. Жүргізушілер дер кезінде жол берсе, медицина қызметкерлері науқасқа тезірек жете алады.

Ал автобустарға орнатылатын кешендер қоғамдық көлік жүретін бағыттарда жол қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл шара жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтуға және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Наверх