Қазақстандық оқушылардың күзгі демалысы 26 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Оқушылар жеті күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026/2027 оқу жылындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.
Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі каникул 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Қалған тоқсандар бойынша:
* Екінші тоқсан: 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады. Демалыс ұзақтығы – 14 күн.
* Үшінші тоқсан: 10 оқу аптасы. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді. Оқушылар жеті күн демалады.
* Төртінші тоқсан: 8 оқу аптасы. Оқу жылы 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Бұдан бөлек, бірінші сынып оқушыларына 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында жеті күндік қосымша демалыс беріледі.
Министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау мерзімдерін де бекітті.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.