Трамп Израильдегі сайлау алдында Нетаньяхуды қолдады

Нетаньяху Трампқа қолдауы үшін алғыс айтып, екі елдің ортақ миссияны жалғастыратынын мәлімдеді.

 Win McNamee / Getty Images 19 Қазан 2026, 00:30
19 Қазан 2026, 00:30
71
Фото: Win McNamee / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды алдағы парламенттік сайлауда қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Трамп Нетаньяхуды «күшті, батыл әрі тамаша саясаткер» деп атап, оның күрделі кезеңдерде де табандылық танытқанын жазды. Сондай-ақ АҚШ президенті Израиль үкіметінің қазіргі басшысына қайта сайлану жолындағы күресте толық қолдау білдіретінін жеткізді.

Нетаньяху Трампқа қолдауы үшін алғыс айтып, екі елдің ортақ миссияны жалғастыратынын мәлімдеді.

Алайда сарапшылардың пікірінше, Трамптың қолдауы Нетаньяху мен оның «Ликуд» партиясының сайлаудағы мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін. Бұған АҚШ пен Израиль арасындағы Иранға қатысты келіспеушіліктер және америкалық қоғамда Ирандағы соғысқа наразылықтың артуы себеп.

Израильде парламенттік сайлау 27 қазанда өтеді. Сауалнамалар бойынша, әзірге бірде-бір саяси күштің айқын басымдығы жоқ. Ел премьер-министрі тікелей халықтық дауыс беру арқылы емес, парламентте коалиция құру нәтижесінде анықталады.

Сарапшылардың айтуынша, Нетаньяхудың діни-ұлтшыл коалициясы парламенттегі көпшілігінен айырылуы мүмкін. Дегенмен оппозицияға да жаңа үкімет құру оңай болмауы ықтимал.

Наверх