Үсік, көктайғақ, екпінді жел: бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ертең ел астанасында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 pixabay 19 Қазан 2026, 22:15
19 Қазан 2026, 22:15
189
Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде 2026 жылғы 20 қазанға дауылды ескерту жариялады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 2-7 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: түнде 3-5 градус үсік күтіледі.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Астана қ.: оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Түнде Қостанай облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: таңертең және күннің бірінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қ.: жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан қ.: жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Наверх