ҰҚК тексеру жүргізіп, 13 Қытай азаматын елден шығарды

19 Қазан 2026, 12:46
АВТОР
 ҰҚК 19 Қазан 2026, 12:46
19 Қазан 2026, 12:46
120
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз көші-қонға қарсы күрес аясында ел аумағында көші-қон заңнамасын бұзған Қытайдың 13 азаматы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар Қазақстан аумағынан халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

ҰҚК мәліметінше, ұсталғандардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, Starlink спутниктік интернет жабдықтары, сондай-ақ криптоәмияндарда сақталған ірі көлемдегі қаражат табылған.

Топтың әрекеттері Қазақстан резиденттері емес өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған. Алаяқтық схемасы шетелден үйлестіріліп отырған, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілген. Тексеру нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі Қытайда осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталған.

2026 жылғы 16 қазанда Қытайдың 13 азаматы әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылды.

Наверх