Трамп: Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде ілгерілеу бар

АҚШ президенті келіссөздердің нақты нәтижелері мен қол жеткізілген ілгерілеушіліктің егжей-тегжейін жарияламады.

 Annabelle Gordon / Reuters 19 Қазан 2026, 05:18
19 Қазан 2026, 05:18
207
Фото: Annabelle Gordon / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Мен Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату және бейбітшілікке қол жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмын. Ресейді келіссөздер үстелінен алыстатуы мүмкін орынсыз әрекеттер жасағым келмейді. Айтарлықтай ілгерілеушілік бар», – деп жазды Трамп.

АҚШ президенті келіссөздердің нақты нәтижелері мен қол жеткізілген ілгерілеушіліктің егжей-тегжейін жарияламады.

Наверх