Бүгін, 19 қазанда Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, елдің бірқатар аймағында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетіп, тұман түседі және үсік жүреді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының кей жерлерінде де жел күшейеді.
Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астанада түнде және таңертең тұман болжанады.
Алматы облысының солтүстігі мен батысында түнде 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Жетісу облысында түнгі температура 2-7 градус аязға дейін төмендеп, Талдықорғанда 3-5 градус аяз болады. Жамбыл облысының шығысында 2 градусқа дейін, Түркістан облысының солтүстігінде 1 градусқа дейін аяз болжанады. Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарының кей аумақтарында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.
Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда және ашық аумақта қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.