Дәрменсіз балаларға физикалық және психологиялық қысым көрсеткен: Абай облысындағы сұмдық фактілер анықталды

19 Қазан 2026, 18:33
АВТОР
 видеодан скриншот 19 Қазан 2026, 18:33
19 Қазан 2026, 18:33
114
Фото: видеодан скриншот

Абай облысының прокуратурасы ерекше күтімді қажет ететін балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Абай облысының прокуратурасы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тексерулер бастады.

Аягөз ауданының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын тексеру барысында санитарлар тарапынан тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен 100-ден астам факті анықталды.Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттер көз алдында жасалған, бірақ олардың жолын кесуге ешқандай шара қолданбаған мекеменің кейбір қызметкерлерінің әрекетсіздігі әшкереленді. Аталған факті бойынша прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлады Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауы шектелді.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып қала береді. Тексеру шаралары жалғасуда.

Наверх