Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

19 Қазан 2026, 12:14
АВТОР
 Туризм және спорт министрлігі 19 Қазан 2026, 12:14
19 Қазан 2026, 12:14
130
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық пара пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 19 қазанда 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге қол жеткізсе, пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 104 келіні көтеріп, күміс медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық спортшы Еркін Ғаббасов Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медальді салғанын хабарладық.

Наверх