Өзбекстан халқы бір жылда қаншаға көбейді?

Бір жылда ел халқының саны 700 мыңға жуық адамға көбейді.

19 Қазан 2026, 20:56
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 19 Қазан 2026, 20:56
19 Қазан 2026, 20:56
131
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 39 млн 535 мың 225 адамды құрады. Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің деректерінде айтылған.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халық саны 692,2 мың адамға немесе 1,8%-ға өсті.

Өңірлер бойынша тұрақты халық саны:

  • Самарқанд облысы – 4 462 783;

  • Ферғона облысы – 4 293 001;

  • Ташкент облысы – 3 799 043;

  • Қашқадария облысы – 3 746 228;

  • Әндіжан облысы – 3 574 464;

  • Ташкент қаласы – 3 278 512;

  • Наманған облысы – 3 190 767;

  • Сұрхандария облысы – 3 030 030;

  • Қарақалпақстан Республикасы – 2 166 044;

  • Хорезм облысы – 2 162 068;

  • Бұқара облысы – 2 125 129;

  • Жызақ облысы – 1 545 176;

  • Навои облысы – 1 196 559;

  • Сиырдария облысы – 965 421 адам.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Астана халқының саны 1,7 миллионнан асқаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстанда туу көрсеткіші 4 есе төмендеді: Әйелдер ана атануды кейінге шегеруде

Қазақстанда дене белсенділігімен айналысатын халықтың үлесі артты

Рекорд орнады: Қазақстан халқының өмірі 8 жасқа ұзарды

Қазақстан халқы және қарттар: Елімізде 100 жастан асқандар саны қанша?

Наверх