Қарулы күштер әзірлігі: Президент Қорғаныс министрлігінің алдына қандай міндеттер қойды?

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады.

19 Қазан 2026, 17:01
АВТОР
 Ақорда 19 Қазан 2026, 17:01
19 Қазан 2026, 17:01
90
Фото: Ақорда

Президент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржылай қамтамасыз ету, Қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есепті тыңдады.

Жоғарғы Бас Қолбасшыға жауынгерлердің жай-күйі мен әскерді жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ ведомство органдарына және сарбаздарға жүктелген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды.

Президентке әскердің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру және армияны дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ әскери әзірлік міндеттерін ескере отырып қаражатты қайта бөлу, инфрақұрылымды жарақтандыру және бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Әскерді басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау жеделдігін арттыру және сарбаздың маманданған бағытына қарай міндеттерді орындауға дайындығына айрықша мән берілді.

Бұдан бөлек, мобилизацияны жоспарлау және әскери резервті дайындау, жоспарланған шығындарды негіздеу, бюджет тәртібін сақтау, бөлінген қаржыны пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ қаржылық бақылау мен шығыстардың нәтижелілігін бағалау тәсілдері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің сақадай сай болуына және әскери әзірлік сапасына қатысты, сонымен қатар армияның ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Наверх