Астанадағы №93 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері 25 қазан – Республика күніне орай патриоттық ән орындады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, мерекеге арналған ән арқылы бүлдіршіндер туған жерге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген құрметін жеткізді.
Балабақшада балаларды жастайынан отансүйгіштікке тәрбиелеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Республика күніне арналған бұл бастама да бүлдіршіндердің бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.
Еске салайық, бұған дейін Республика күніне орай қазақстандықтар неше күн демалатыны хабарланды.
Сондай-ақ, Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша берілетінін жазған болатынбыз.