Все новости за 15 қыркүйек 2026
-
-
Алматы облысында мектептегі жөндеу жұмыстары кезінде 8 оқушы уланып, ауруханаға түсті
Балалардың кейбірінде бас айналу, жүрек айну, жөтел және тыныс алудың қиындауы байқалған. Бір оқушыға дәрігерлер бояуға аллергиялық реакция деген диагноз қойған.
-
Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды
Отандасымыз жарыс жолын 1:00:49 уақытта бағындырды.
-
Жаңбыр, найзағай және екпінді жел: Ертең бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
-
Жасанды интеллект 2029 жылға дейін 2,5 мың ауыл мектебіне енгізіледі
2027 жылдан бастап mGov платформасында мемлекеттік қолдау туралы мәліметтерді біріктіретін және отбасы қайта-қайта өтініш бермей-ақ ведомствоаралық қолдауды қамтамасыз ететін "Бала жолы" жүйесін енгізу жоспарлануда.
-
ІІМ діни-экстремистік идеяларды жамылған 22 қылмыстық топтың жолын кесті
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл топтар діни ұрандарды өздерінің қылмыстық әрекеттерін ақтау үшін пайдаланған. Олар бопсалау, алаяқтық, тонау, браконьерлік және есірткі өткізумен айналысқан. Кейбірінің қылмыс жасау үшін атыс қаруын заңсыз сақтағаны анықталды.
-
Қазақстан мен Индонезия бірлескен өндірістер құру мүмкіндігін талқылады
Кездесуде өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және геология салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қаралды. Тараптар технология трансфері, жаңа өндіріс орындарын ашу және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелеріне басымдық берді.
-
Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған соққы әлемдік нарықты қалай дүрліктірді?
Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған соққы әлемді мұнай бағасының өсуіне алып келеді деп дүрліктіруде.
Сауд Арабиясындағы ірі «Шығыс – Батыс» мұнай құбыры ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққысынан кейін бес-алты аптаға дейін істен шығуы мүмкін. Бұл әлемдік мұнай жеткізілімін қысқартып, баған
-
Меркурий шамамен 12 км-ге кішірейді – ғалымдар
Меркурий планетасы шамамен 11,6 километрге кішірейген. Хоккайдо университетінің зерттеушісі Гаку Нисияма бастаған халықаралық ғалымдар тобының анықтауынша, бұған планета қойнауының біртіндеп суынуы себеп болған. Зерттеу нәтижелері Geophysical Research Letters журналында жарияланды.
Бүгінгі таңда Кү
-
«Кез келген жерде жеңіске жетуге шамасы жетеді»: АҚШ пен Ұлыбритания Рыбакинаның тарихи жеңісін қалай бағалады?
Елена Рыбакина US Open жеңімпазы атанып, әлемнің бірінші ракеткасы болды
-
Жетісу облысында «Taza Ozen» экологиялық акциясы өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Қаратал өзенінің жағалауында «Taza Ozen» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды дұрыс сұрыптау мен кәдеге жарату мәдениетін дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихатт
-
Электронды темекі: Мәслихат төрағасына айыппұл салынды
Қарағанды облысында аудандық мәслихат төрағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Не болды?
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Zoom платформасы арқылы өткен онлайн-кеңес кезінде қызметтік кабинетінде отырып электронды темекі тұтынған ер
-
Жаңа курорт Алматыдағы қысқы спортты қалай өзгертеді? – сарапшы пікірі
Алматыда тау шаңғысын бұқаралық спортқа қалай айналдыруға болады?
-
Полиция ғимаратын «миналаған» 56 жастағы тұрғын ұсталды
«Бомба қойдым» деп хабарлаған бір қоңырау арнайы қызметтерді аяғынан тік тұрғызды.
-
Суперкубок Астанада: Тарихи матч қазақ футболына не береді?
2028 жылы УЕФА Суперкубогы алғаш рет Астанада өтеді. 15 қыркүйекте УЕФА Атқарушы комитеті матчты «Астана Аренада» өткізу туралы шешім қабылдады. Суперкубокта сол маусымдағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі.
Еуропаның ең үздік екі клубын Қазақстанда қабылдау – ел футболы
-
Еңбекшіқазақта жылына 120 мың тонна өнім өңдейтін кешен салынады
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені құрылуда.
Еңбекшіқазақ ауданында дәнді және майлы дақылдарды қабылдауға, кептіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған заманауи кешен салу бойынша ірі агроөнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда. Болашақта кешеннің қуаты жылын
-
Бурабайда Орталық Азия және Әзербайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті
Бурабайда Орталық Азия және Әзербайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бурабайда қазіргі заманғы қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Орталық Азия мемлекеттері мен Әзірбайжан арна
-
Қазақстан мен Корея бірқатар маңызды ынтымақтастық құжаттарына қол қойды
Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы сыртқы істер министрлері болашаққа бағдарланған қазақ-корей қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктeстік деңгейіне дейін көтеру туралы вербальді ноталар алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан б
-
«Астана Арена» 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы матчын қабылдайды
Астана 2028 жылғы УЕФА Суперкубогының матчын қабылдайды. УЕФА Атқару комитеті Қазақстан астанасын осы беделді футбол бәсекесін өткізу орны ретінде бекітті.
Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Суперкубокта дәстүрлі түрде УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі.
Мұ
-
Алатау қаласында Кореяның KAIST институтының филиалы ашылады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі келіссөздермен жалғасты.
Мем
-
Непалдағы апат: Қазақстан құтқарушыларын жіберуге дайын ба?
Непалдағы жойқын апаттан кейін іздестіріліп жатқандар арасында үш қазақстандық бар.
-
Қазақстан мен Корея 19 млрд долларлық коммерциялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына сапармен келуге шақырғаны үшін Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді.
– Корея Республикасы Қазақстанның стратегиялық серікт
-
ЖИ институты, 1 ГВт дата-орталық және технология трансфері: Қазақстан Кореямен серіктестіктен не ұтады?
Қазақстан мен Оңтүстік Корея технологиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті. BAQ.KZ тілшісі Кореямен технологиялық серіктестіктің Қазақстанға нақты не беретіні, Павлодарда жоспарланған қуаты 1 ГВт-қа дейінгі деректерді өңдеу орталықтарының әлеуеті, Жасанды интеллект институтының рөлі ту
-
Қызылорда облысында бапкер кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық жасады деген күдікке ілінді
Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Жәбірленушінің сөзінше, жағдай екі жылға жуық уақытқа созылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жәбірленуші тараптың мәліметінше, бәрі 2024 жылы, қыз 14 жаста болған кезде
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
Қазақстан Президенті Сербия Республикасының жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сербия президенті Александр Вучич серб халқының бірлік, бостандық және ұлттық ту күніне орай екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамытуға қосқан е
-
Астанада жанжалдан кейін ерлі-зайыпты қаза тапты: Не белгілі?
Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық жанжал ер адам мен әйелдің қаза табуымен аяқталған.
Не болды?
Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға елордадағы «Шығыс» тұрғы
-
Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеулде салтанатты түрде қарсы алды
Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы
-
АҚШ пен Иран текетіресі: 2027 жылы мұнай бағасы қандай болмақ?
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс мұнай нарығына ғана емес, Қазақстан экономикасына да әсер етуі мүмкін. Баға өссе, бюджетке түсім көбейеді. Бірақ логистика қымбаттап, инфляция күшейсе ше?
SarapSoz-дің жаңа шығарылымында ирантанушы Жәнібек Көпжасар мен экономист Сапарбай Жобаевпен осы сұрақтарды тал
-
Темекімен күресте Қазақстан Швеция әдісін пайдаланса, жүз мыңдаған адамның өмірін құтқара алады – зерттеу
Халықаралық Smoke Free Sweden ұйымының «Қазақстан мен Швеция: екі елдің тарихы» атты зерттеуінде темекі шегумен күрестегі екі елдің тәжірибесі салыстырылған. Зерттеу авторларының пікірінше, Қазақстан темекіге қарсы саясатты жаңаша тәсілдермен толықтырса, алдағы 40 жылда 165 мыңға дейін мезгілсіз өлі
-
Құрылтай депутатының қабылдауына қалай жазылуға болады?
I шақырылымдағы Құрылтайда Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысын бастады. Оны ашу туралы шешім Құрылтай Бюросының отырысында Спикер Айбек Дәдебайдың төрағалығымен қабылданды.
Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Закиева хабарлағандай, жаңа алаң депутаттар мен азаматтар арасындағы тікелей диалог
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды: СІМ мән-жайды растады
АҚШ-тың Көші-қон және кеден полициясының (ICE) қызметкерлері заңды көші-қон мәртебесінің жоқтығына байланысты Флорида штатында Қазақстан азаматын ұстады. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты Қазақстан азаматын
-
Аэротакси, AI және K-Smart: Тоқаев пен Корея Премьер-министрі Alatau Smart City жобаларымен танысты
Alatau Smart City: Қазақстан мен Корея бірлескен жобаларды талқылады.
-
Қазақстан мен Корея стратегиялық серіктестікті тереңдете түседі: Мемлекет басшысы маңызды бағыттарды атады
Қазақстан мен Корея бірлескен стратегиялық жобаларды іске қосады.
-
Жамбыл облысында зертхана аккредитациясы жарты жылға тоқтады: 4 млн теңге айыппұл салынды
Жамбыл облысында сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының қолданысы уақытша тоқтатылып, 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша де
-
«Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдыруымыз керек» – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Корея Республикасы іскерлік орта өкілдерінің басын қосқан Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі.
Президент соңғы отыз жылда Астана мен Сеул арасында өзара құрметке, сенімге және шынайы достыққа негізделген берік қарым-қатынас қалыпта
-
Алматыда қала күнінде қандай шаралар өтеді? Толық тізім
Дәстүр бойынша негізгі іс-шаралар Астана алаңында, Абай алаңында, Панфилов және Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде, «Алатау» дәстүрлі өнер театры алаңында өтеді.
-
Шетелдік компанияларды санкциялық тәуекелдерге қалай тексереді?
«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелетін барлық компания санкциялық тәуекелдер мен түпкілікті бенефициарларының адалдығы тұрғысынан тексеруден өтеді. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте АХҚО реттеушісінің басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк мобильді аударым лимитін 1 млн теңгеге дейін арттыруды ұсынып отыр
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесіндегі бір операцияның лимитін 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынып отыр. Тиісті өзгерістер қабылданса, жаңа талаптар қазан айының соңында күшіне енуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді, деп хаб
-
Қазақстан мен Корея сауда айналымын екі есе арттырады
Президент Премьер-министрге қазақ-корей кәсіпкерлерінің дөңгелек үстеліне қатысқаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы жиын аясында қол қойылатын маңызды құжаттар екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдете түсеріне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Т
-
АҚШ алғаш рет орбитада қаруы бар екенін мойындады
АҚШ алғаш рет орбитада қаруы бар екенін ресми түрде растады.
-
Президент: Қазақстанда корей капиталы бар 1 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді
Президент Корея Республикасының Премьер-министрімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хан Сон Сукты Корея Үкіметінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, аса жауапты қызметіне табыс тіледі.
– Бүгінде қазақ-корей қарым-қатынастары тұрақты түр
-
Павлодарда 9-қабаттан құлағалы тұрған қыз құтқарылды
Павлодарда 9-қабаттан құлағалы тұрған қызды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары уақтылы әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.
15-ші патрулдік полиция пунктіні
-
Талдықорған бюджетіне қатысты күтпеген қателік анықталды: Жылу желісіне 85,1 млн теңге артық бөлінген
Талдықорған қаласының прокуратурасы мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша жұмыс құнының негізсіз ұлғайтылғанын анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шарттың құны 85,1 млн теңгеге төмендетіліп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Талдықорған қаласының прокуратурасы мемлекет
-
Тұрғын үй кезегінен кімдер шығарылады? Отбасы банк тексеруді бастайды
Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тексеру жұмыстары басталады. Тексеру нәтижесінде тұрғын үйге мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келмейтін азаматтар кезектен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Матай Жансұлтан мә
-
«Altyn Orda» әлем кубогында қазақстандықтар 4 алтын медаль иеленді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан өткен «ALTYN ORDA» әлем кубогы өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған халықаралық додаға әлемнің 18 елінен 100-ге жуық мерген және Қазақстанның өңірлерінен 100-ден астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 12 жүлделі орынға ие болды.
Өңі
-
Сұраныс жоғары болды: «Ұмай» бағдарламасы енді қалай жалғасады?
Қазақстандық әйелдер тарапынан «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына сұраныс жоғары болғаннан кейін Отбасы банк Азия даму банкіне екінші траншты мерзімінен бұрын бөлу туралы өтініш жасады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай мәлімдеді, деп х
-
Алматы әкімдігінің қызметкері ЖИ көмегімен жалған есеп жасаған: Вице-министр пікір білдірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов Үкіметте өткен брифингте әкімдік қызметкерінің атқарылған жұмыс туралы жалған есеп дайындау үшін жасанды интеллектіні пайдалануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыдағы
-
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кореямен бірге іске асатын ірі жобалар көрсетілді
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірнеше салада бірлескен өндірістер ашуды жоспарлап отыр. Президентке жаңа инвестициялық жобалардың тізімі таныстырылды.
-
Алматы тауларын қанша тазаласа да, қоқыс азаймай тұр
Алматы маңындағы танымал туристік бағыттарда қоқыс мәселесі әлі де өзекті болып отыр. TazaMen Team экологиялық қоғамдастығының негізін қалаушы әрі тұрақты экологиялық акцияларды ұйымдастырушы Тимур Хасеновтің айтуынша, кейбір орындарды қайта-қайта тазалауға тура келеді, алайда жиналатын қоқыс көлемі
-
Қытай мен Үндістанда QR арқылы төлеу: Мүмкіндік қашан ашылады?
Қазақстандықтардың шетелде, ал шетел азаматтарының елімізде QR арқылы төлем жасауына мүмкіндік беретін жүйе әзірленіп жатыр. Алайда оның қашан іске қосылатынын айтуға әлі ерте. Бұл туралы Ұлттық банктің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков мәлімд
-
Бастапқы жарнасыз баспана: Биыл кімдер жалдамалы пәтер ала алады?
Қазақстанда кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы жалғасып жатыр. Қазір еліміздің 14 өңірінде 800-ге жуық пәтер іске асырылуда. Бағдарламаға кімдер қатыса алады және оның шарттары қандай? Бұл туралы «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Исламб
-
Тұрғын үй бөлу тәртібі өзгерді: Енді отбасы құрамына қарай бөлме саны ескеріледі
Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді бөлу кезінде енді баспананың шаршы метрі емес, отбасы құрамына сәйкес бөлме саны ескеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы
-
Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған
Қазақстанда 2026 жылы 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның 29,6 мыңы мемлекеттік қолдау аясында беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ш
-
Жүректі елжіреткен сәт: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы қайғылы оқиғадан жалғыз аман қалған Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққан соң балаларымен кездесті.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Ақбаян Мұқанғалиеваның жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатқан балаларымен сағына қауышқ
-
Бектенов: Қазақстан цифрлық өнім жасап, білікті маман даярлауы керек
Үкімет отырысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда цифрлық активтер саласында отандық құзыреттер мен технологиялық компанияларды дамыту үшін жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Цифрлық активтер индустриясын дамыту – тек қаржылық реттеу мәселесі ғана емес. Аталға
-
Алатау қаласына Кореядан инвестиция тартылмақ: Тоқаев келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев KIND басшысымен кездесті. Тараптар Алатау қаласы мен Қазақстанның ірі инфрақұрылымдық жобаларын талқылады.
-
Қазақстан нарығына төртінші ұялы байланыс операторы әзірге кіре алмайды – министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері Үкіметте өткен брифингте Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы қашан келеді деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсыновтың айтуынша, бұл бағытта жұмы
-
«Таудағы қоқысты кім жинайды?»: Экобелсенді туристердің жауапсыздығын сынға алды
Табиғатты тазарту акцияларынан кейін жиналған ондаған қап қоқыс қайда кетеді? Оны кім шығарады және бұл жұмыста қандай қиындықтар бар? Бұл сұрақтарға «Бодрячок» эко-клубының ұйымдастырушысы Галина Муленкова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, еріктілер үшін қоқысты шыға
-
Қазақстанда цифрлық активтерден түскен табысты салықтан босату ұсынылды
Қазақстанда 2026-2028 жылдары қазақстандық провайдерлер арқылы жасалған цифрлық активтер операциялары бойынша жеке тұлғалардың кірісін жеке табыс салығынан босату көзделіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық банк
-
Тоқаев Hyundai басшысымен кездесті: Қазақстанда автокөлік өндірісінің жаңа кезеңі басталмақ
Президент Hyundai басшысымен кездесіп, автокөлік өндірісін толық циклге көшіру және экспорттық әлеуетті арттыру перспективаларын талқылады.
-
Қазақстанда цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр
Қазақстанда биылғы 1 мамырдан бастап цифрлық активтер нарығын жалпыұлттық деңгейде реттеудің кешенді моделі күшіне енді. Бүгінде нарықта қандай өзгеріс бар? Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, Қаза
-
Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды
Атырауда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі жерде жатқан түйіншегі бар дронды байқап, оның ішінен 11 пакетке салынған күдікті затты анықтады.
-
Тоқаев Lotte басшысымен кездесті: Қазақстанда жаңа қонақүйлер салынады
Президент Тоқаев Lotte Group басшысымен кездесіп, компанияның Қазақстандағы жаңа инвестициялық жобаларын талқылады.
-
ҚМА алаяқтардың Агенттік атынан жалған хат таратып жүргенін ескертті
Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың ведомство атынан жалған ресми хаттар тарату деректері әлі де тіркеліп жатқанын ескертті.
Агенттіктің мәліметінше, жуырда осындай тағы бір жағдай анықталған. Алаяқтар мемлекеттік органға ҚМА атынан хат жолдап, белгілі бір азаматқа қатысты тексер
-
Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Қазақстанда жалған айғақ бергені үшін қандай жаза бар
Сотта берілген жалған айғақ басқа адамның беделінен, ақшасынан, бизнесінен, кейде тіпті бостандығынан айырылуына әкелуі мүмкін. Алайда куәгерлердің өзі көрінеу жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын әрдайым түсіне бермейді. Адамдар неліктен мұндай тәуекелге барады, куәге
-
Семей, Түркістан және Жетісуда ірі жол жобалары биыл аяқталады
Қазақстанда 2026 жылдың соңына дейін 2,3 мың шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, елімізде жол инфрақұрылымын дамыту республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар
-
Алматыда көлден оқ-дәрі салынған сөмке табылды
Алматыдағы «Маяк» қалалық көлінде балық аулап отырған тұрғын күтпеген олжаға тап болды. Оның қармағына балық емес, ішінде оқ-дәрілері бар сөмке ілінген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға кешкі сағат 17:30 шамасында Түрксіб ауданында болған. Бұл туралы «102» арнасына хабарлама түскен.
Алды
-
Астанада Есіл өзені арқылы жаңа көпір салынады
Қаланың Бас жоспарына сәйкес, Хусейн бен Талал көшесі Әл-Фараби даңғылынан Шәмші Қалдаяқов көшесіне дейін ұзартылады. Жол Есіл өзенін кесіп өтетін жерде жаңа көпір салынады.
-
Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяның Hanwha Group компаниясының басшылығымен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады.
-
Астана полициясы түнгі уақытта салют атқандарды жаппай қамауды жалғастырып жатыр
Полиция тұрғын үйлер маңында және түнгі уақытта пиротехника қолдану азаматтардың тыныштығын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
-
Жаңа әуежайлар, газ зауыты және энергетикалық нысандар: Нәлібаев Маңғыстаудағы ірі жобалармен танысты
Өңірдің химия өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударылды. «ҚазАзот» АҚ-ның өндірістік қызметі мен кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жобалары қаралды.
-
Павлодарда жылыту маусымы басталды
Әкімдік қаулысына сәйкес, Павлодарда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы 14 қыркүйекте басталды.
«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 14 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен беріле бастады.
Ал 28 қыркүйектен бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі.
-
Бүгін жеті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
Қолайсыз метеожағдай кезінде ауада зиянды заттар жиналып, ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
-
Еуропада газ бағасы 2022 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді
2026 жылдың басынан бері Еуропада газ бағасы үш есеге жуық өскен, ал Brent мұнайы шамамен 80%-ға қымбаттаған.
-
Әлемдегі тұрақсыздық: Қазақстан экономикасын қай салалар арқылы әртараптандыру керек?
Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдай мұнай бағасына ғана емес, әлемдік сауда мен жүк тасымалына да әсер етіп отыр. Ормуз және Баб әл-Мандеб бұғаздары төңірегіндегі тәуекелдер энергетика мен логистиканың геосаяси жағдайға қаншалықты тәуелді екенін тағы көрсетті. Осындай кезеңде Қазақстан үшін экономика
-
Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі
Жаңа тәртіп 21 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
-
Шымбұлақтағы аспалы жолдар бірнеше аптаға жабылады
Аспалы жолдар жаңа маусымға дайындық жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.
-
Азия ойындары-2026: таеквондодан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Құрама сапында жеті спортшы бар: үш әйел және төрт ер адам.
-
Әлемде роботтарға арналған алғашқы жедел жәрдем пайда болды
Фургон көшпелі қызмет көрсетуге қажетті барлық құрал-жабдықпен жабдықталған.
-
Алтын бағасы унциясына 4300 доллардан төмен түсті
Нью-Йорк биржасындағы Comex алаңында желтоқсандағы алтын фьючерстерінің бағасы 96,7 долларға, яғни 2,17%-ға төмендеп, 4312,2 долларға жетті.
-
WTA Елена Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы атағының жүлдесін табыстады
Рыбакина 14 қыркүйектен бастап WTA рейтингінде ресми түрде көш бастады.
-
Семейде 13 жастағы екі сыныптас төбелесіп, бірі пышақ жарақатын алды
Полиция қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
-
Франция 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді шектеуді жоспарлап отыр
Франция президенті әлеуметтік желілерге 15 жасқа дейінгі балалардың қолжетімділігін реттейтін жаңа заң жобасы дайын екенін X әлеуметтік желісіндегі жазбасында айтты.
Наверх