АҚШ алғаш рет орбитада қаруы бар екенін мойындады

АҚШ алғаш рет орбитада қаруы бар екенін ресми түрде растады.

15 Қыркүйек 2026, 13:52
АВТОР
 The Insider 15 Қыркүйек 2026, 13:52
15 Қыркүйек 2026, 13:52
55
Фото: The Insider

АҚШ орбитада ғарыш кеңістігін бақылауға арналған құралдары бар екенін алғаш рет ресми түрде растады. Бұл туралы АҚШ-тың Әскери-әуе күштері министрі Трой Мейнк Мэриленд штатында өткен Air, Space & Cyber конференциясында мәлімдеді, деп жазды The Insider.

Мейнктің айтуынша, қазір америкалық күштердің орбитада қарсыластардан қорғануға қабілетті құралдары бар. Дегенмен министр бұл қандай жүйелер екенін нақтыламады.

Бұған дейін америкалық әскери шенеуніктер ұлттық қауіпсіздік мақсатына сүйене отырып, елде ғарыштық қарудың бар екені туралы жария түрде мәлімдеуден қашқақтайтын.

Secure World Foundation сарапшысы Виктория Самсон бұл жерде спутниктерді физикалық түрде жоя алатын кинетикалық қару емес, мысалы, басу жүйелері сияқты радиоэлектронды күрес құралдары туралы айтылуы мүмкін деп болжады.

Сонымен қатар Мейнк қыркүйек айында қозғалатын әуе нысандарын бақылайтын спутниктік жүйе прототиптерін ұшыру жоспарланып отырғанын хабарлады.

Оның айтуынша, Дональд Трамп әкімшілігі құрып жатқан «Алтын күмбез» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болуға тиіс ғарыштық ұстағыштар да «ұшуға дайын».

Наверх