Сұраныс жоғары болды: «Ұмай» бағдарламасы енді қалай жалғасады?

15 Қыркүйек 2026, 12:45
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 15 Қыркүйек 2026, 12:45
15 Қыркүйек 2026, 12:45
81
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстандық әйелдер тарапынан «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына сұраныс жоғары болғаннан кейін Отбасы банк Азия даму банкіне екінші траншты мерзімінен бұрын бөлу туралы өтініш жасады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бағдарламаның бірінші траншы бойынша өтінім қабылдау 31 тамызда басталды. Банк 855 өтінім қабылдап, барлық қатысушыға алдын ала мақұлдау берілген.

31 тамызда «Ұмай» бағдарламасы іске қосылды. Қатысушылардан 855 өтінім қабылданды, олардың барлығы алдын ала мақұлдау алды. Енді қатысушыларға баспана іздеп, несиені рәсімдеуге уақыт беріледі, – деді Матай.

Бағдарламаға қатысушылар сұратқан несиенің орташа сомасы 23,4 млн теңгені құрады.

Бағдарламаға қатысқан ең жас әйел – 18 жаста, ал ең үлкені – 63 жаста. Қатысушылардың орташа жасы – 39 жас.

Бағдарламаны іске асыруға арналған алғашқы траншты Азия даму банкі бөлді. Оның көлемі 9 млрд теңгені құрады.

Қазақстандық әйелдердің бағдарламаға жоғары қызығушылық танытқанын ескере отырып, банк Азия даму банкіне екінші траншты мерзімінен бұрын бөлу туралы өтініш жасады. Өтінім қабылдаудың келесі кезеңі қашан басталатынын қосымша хабарлаймыз, – деді Отбасы банк басқарма төрағасының орынбасары.

Жалпы «Ұмай» бағдарламасын қаржыландыруға 90 млрд теңге қарастырылған.

Жансұлтан Матайдың жауабында бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптардың өзгеруі немесе күшейтілуі мүмкін екені туралы айтылмады.

 

Наверх