Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Жәбірленушінің сөзінше, жағдай екі жылға жуық уақытқа созылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жәбірленуші тараптың мәліметінше, бәрі 2024 жылы, қыз 14 жаста болған кезде басталған. Ол командасымен бірге Талдықорған қаласына көгалдағы хоккейден жарысқа барған.
Қыздың айтуынша, күндердің бірінде ол пәтерде жалғыз қалған. Сол кезде жаттықтырушысы оған шай әкелген. Оны ішкеннен кейін жасөспірім не болғанын есіне түсіре алмағанын айтады.
Жәбірленушінің сөзінше, кейін ер адам болған жағдайды видеоға түсіргенін айтып, оны бопсалай бастаған. Егер әлдекімге айтса, жазбаны ата-анасына көрсетіп, әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан.
Қыздың мәлімдеуінше, бұдан кейін зорлық әрекеттері екі жыл бойы жалғасқан. Сондай-ақ ол 38 жастағы жаттықтырушының өзін ақшаға басқа ер адамдарға да бергенін айтып отыр.
Жасөспірім болған жағдайды туыстарына арада екі жыл өткен соң ғана айтуға шешім қабылдаған.
Қызылорда облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қылмыстық іс бойынша екі күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеп-тексеру аяқталып, қатысушылар іс материалдарымен танысуда», – делінген полиция хабарламасында.
Қылмыстық істің тергелу барысы Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, бұған дейін әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткен Отбасын қолдау орталығының заңгері жазаға тартылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Жамбыл облысында жүкті әйелін зиратқа апарып, ұрып-соққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алдап кездесуге шақырған: Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне қышқыл шашып, қашып кетті
Абай облысында бұрынғы әйелін қызғаныштан ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты