Бүгін жеті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Қолайсыз метеожағдай кезінде ауада зиянды заттар жиналып, ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

 depositphotos.com 15 Қыркүйек 2026, 08:10
15 Қыркүйек 2026, 08:10
65
Фото: depositphotos.com

15 қыркүйекте Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

ҚМЖ Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш, Атырау, Өскемен және Семей қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ауада зиянды заттар жиналып, ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмау, дене жүктемесін шектеу және көлік жолдары маңында көп жүрмеу ұсынылады.

Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту, ал созылмалы ауруы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Наверх