Астана полициясы түнгі уақытта салют атқандарды жаппай қамауды жалғастырып жатыр

Полиция тұрғын үйлер маңында және түнгі уақытта пиротехника қолдану азаматтардың тыныштығын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

 скрин / Астана қалалық полиция департаменті 15 Қыркүйек 2026, 08:36
15 Қыркүйек 2026, 08:36
144
Фото: скрин / Астана қалалық полиция департаменті

Астанада пиротехника қолданған бірнеше тұрғын жауапкершілікке тартылды. Олардың екеуі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі тұрғын үй ауласында салют атқан 20 жастағы жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке қамалды.

Ал Темірбек Жүргенов көшесінде сүйіктісінің туған күнін атап өту кезінде салют атқан 19 жастағы тұрғынға 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл салынды.

Алматы ауданында да түн ортасында мейрамхана маңында пиротехника қолданған 19 жастағы жігіт бес тәулікке қамауға алынды.

Полиция тұрғын үйлер маңында және түнгі уақытта пиротехника қолдану азаматтардың тыныштығын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Наверх