Қарағанды облысында аудандық мәслихат төрағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Не болды?
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Zoom платформасы арқылы өткен онлайн-кеңес кезінде қызметтік кабинетінде отырып электронды темекі тұтынған ер адам түсірілген видеожазбаны анықтады.
Тексеру нәтижелері бойынша азаматтың жеке басы анықталды. Ол Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы болып шықты. Аталған факті бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды, - деп жауап берді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді
Қарағанды облысының Полиция департаменті қызмет, мәртебе немесе қоғамдық жағдай заңнама талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтеді. Ведомство өкілдері Заң мен тәртіп баршаға бірдей екенін ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда полицейлер жүздеген электронды темекі мен снюс тәркіледі.
Тағы оқи отырыңыз:
Ұшақта шылым шеккен шетелдік айыппұл төледі
Қазақстанда темекі шегетіндер өкпе рагына тегін тексеріледі
Ақтауда полицейлер жүздеген электронды темекі мен снюс тәркіледі