Мемлекет басшысы көрсетілген сый-құрмет үшін Александр Вучич пен барша серб халқына шынайы ризашылығын жеткізіп, бұл жоғары награданы қос халықтың берік достығы мен өзара сенімінің нышаны ретінде қабыл алатынын айтты.
Президент бірлесе күш-жігер жұмылдырудың арқасында қазақ-серб серіктестігі алдағы уақытта да екі ел халқының мүддесіне сай нығая түсетініне сенім білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Сербия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.
Айым Серікбайқызы