Все новости за 7 тамыз 2026
-
-
Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам суға батып кетті
ТЖД тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға шақырады.
-
ТЖМ тікұшағы науқасты Оралға шұғыл түрде жеткізді
Санитариялық авиация қызметі пациенттерді медициналық мекемелер арасында жедел тасымалдауға мүмкіндік береді.
-
Жамбыл облысында полициядан қашпақ болған мас жүргізуші 15 тәулікке қамалды
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Жамбыл облысында көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған 923 жүргізуші ұсталған.
-
Қазақстан бірқатар елмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтеді
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жұмыстарын жандандыру және жаңа бірлескен бастамаларды айқындау тапсырылды.
-
ЖСДП өкілдері «Қапшағай Алтын Алма» ӨК тұрғындарына құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсетуде
ЖСДП Алматы облысындағы «Қапшағай Алтын Алма» тұтыну кооперативінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
-
«Заң мен тәртіп»: Comic Con Astana қонақтарына киберқауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Келушілерге киберқауіпсіздік талаптары бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.
-
Семей қаласында Қазақстан Халық партиясы өкілдері медицина қызметкерлерімен кездесті
Партия медициналық қызметтің сапасын жасанды интеллект қолдану арқылы бақылайтын ұлттық цифрлық жүйе құруды ұсынады.
-
«Ауыл» партиясы ШҚО-да аграрлық ғылымды дамыту мен экологиялық мәселелерді талқылады
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ халықтың ауа мен су сапасы туралы мәліметтерге қолжетімділігін кеңейтуді, заманауи тазарту жүйелерін енгізуді және экологиялық бақылаудың тиімділігін арттыруды қолдады.
-
Әкімдіктер талапкерлерге 2,4 мыңға жуық білім грантын бөлді
Гранттар өңірлер үшін сұранысқа ие және басым бағыттар бойынша мамандар даярлауға арналған.
-
Конгода Эбола жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты, 1850 адам қайтыс болды
Ресми түрде індет тек 15 мамырда жарияланған.
-
Президент қазақ киносының майталманы Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы көрнекті кинорежиссердің отбасына көңіл айтты.
-
Қазақстанда Ресейден әкелінген жалған мемлекеттік нөмірлерді сатқан ұйымдастырушы ұсталды
Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатқан заңсыз схеманың ұйымдастырушысы әшкере болды.
-
Экология, баспана, инклюзивті білім: BAYTAQ кандидаттары еңбек ұжымдарымен кездесті
Партия өкілдері Астана мен Петропавлда өткен кездесулерде экология, денсаулық сақтау, құрылыс және инклюзивті білім беру мәселелерін талқылады.
BAYTAQ жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Астана мен Петропавлдағы еңбек ұжымдарымен кездесті.
-
2,7 млрд теңге шығын: Қытайдан контрабандалық жолмен тауар тасыған қылмыстық топ ұсталды
Бас прокуратура Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына тауарларды экономикалық контрабандалық жолмен ұзақ уақыт бойы заңсыз тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Тергеу барысында 37 компанияның ішінде ұйымдасқан қылмыс
-
Respublica Шымкентте еңбек ұжымдарымен және партия жақтастарымен кездесті
Шымкентте Respublica партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, кәсіпкерлермен, қоғам белсенділерімен және партия жақтастарымен жүздесті. Кездесулерде өндірісті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік мәселелер мен цифрландыру бағытындағы бастамалар
-
Мемлекет білім беру гранттарының рекордтық санын бөлуде: 75 мыңнан астам абитуриент жоғары оқу орындарына тегін түседі
Қазақстандағы мемлекеттік білім беру тапсырысы артып, жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуде және экономика үшін кадрлар резервін қалыптастыруда.
2019-2020 оқу жылында бакалавриатқа 51 023, магистратураға 12 504 және докторантураға 1 640 грант бөлінген болса, 2026-2027 оқу жылында елімізд
-
Шымкентте «Әділет» партиясының өкілдері цифрландыру мен әлеуметтік бастамаларды талқылады
Шымкент қаласында «Әділет» партиясының бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті. Оған еліміздің өңірлерінен екі мыңнан астам өкіл қатысты. Құрылтай депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, өңірлік ұйымдардың ұсыныстарын талқылады, деп хабарлайды
-
Президент Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын өңірдің 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтады.
-
Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттары Екатеринбургтегі Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттары 7 тамыз, жұма күні таңертең Екатеринбургтегі Wildberries компаниясының қоймасына соққы жасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Компания мәліметінше, шабуылдан кейін логистикалық орталықта өрт шыққан. Қойма қызметкерлері алдын ала эвакуацияланып
-
Жарқайыңда 3 600-ден астам көшет отырғызылып, аулалар абаттандырылуда
80 тонна қоқыс шығарылып, 11 ауыл жарықтандырылды
-
ТОП-10: Қазақстан әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің қатарына енді
2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік мыс өндірісі 23 миллион тонна деп бағаланған.
-
Facebook-тің бас компаниясы АҚШ сотында жеңілді: Meta 567 млн доллар өтемақы төлейді
АҚШ-тағы сот әлеуметтік желілердің жастар психикасына әсеріне қатысты маңызды шешім шығарды. Компания бұл үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.
-
Демалыс күндері ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы жарияланды
Елде 41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.
-
Astana AI Film Festival: Әлемнің 90 елінен 1900-ден астам өтінім түсті
Астанада өтетін ЖИ-фильмдер фестиваліне АҚШ пен Үндістантан көбірек қызығушылық танытты.
-
Партиялар не нәрсеге ұмтылуы керек – сайлаушылар пікірі
Қоғамдық пікір сауалнамасы азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі мен Құрылтайдан күтетін өзгерістерін көрсетті. Нәтижелердің толық талдауын оқыңыз.
-
Еуропа Ресейдің ақшасына қол салды: Мәскеу қалай жауап береді?
Еуропа Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен қаражатты Украинаға бағыттап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ал Мәскеу осы уақытта армияның басқару жүйесін қайта құруда.
Бұл екі процесс соғыстың ұзаққа созылатынын білдіре ме?
Еуроодақ Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен тағ
-
Астананың екі тұрғыны шалшық суға шомылғаннан кейін қамауға алынды
Екі тұрғын шалшыққа шомылып, тәртіп бұзған.
-
Әлемдік паспорт рейтингі жаңарды: Қазақстан қай орында?
Рейтингтің көшін дәстүрлі түрде Азия елдері бастап тұр.
-
Қазақстанда 589 дәрілік препарат бағасы арзандады
Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді.
-
Сауалнама нәтижесі: Қазақстандықтардың 68%-ы Құрылтай сайлауынан оң өзгеріс күтеді
Еуразиялық интеграция институты 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты жүргізілген әлеуметтік зерттеудің екінші кезеңінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Зерттеу қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі, ақпарат алу арналары, саяси партияларға қ
-
Таиландта жасөспірім жеті адамды атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады
14 жастағы оқушы ата-әжесін өлтіргеннен кейін мектепте қарулы шабуыл жасап, өзіне оқ атқан.
-
Үндістанда найзағай түсіп, 20 адам қаза тапты
Үндістанда 20 шақты адамды найзағай соқты.
-
Ақтөбеде сталкингты махаббатпен шатастырған тұрғын жауапқа тартылуда
Ақтөбеде сталкер заң алдында жауап беруде.
-
Министрлік мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Министрлік ата-аналарға үндеу жасады.
-
2026 жылғы грант иегерлерінің тізімі шықты
Биылғы оқу гранты иегерлерінің толық тізімін осы ақпараттан көре аласыз.
-
Әлем көмірден бас тартуға әлі дайын емес – сарапшылар
Қазақстан көмір тұтыну көлемі бойынша әлемде 11-орында тұр.
-
Қазақтың өнімдері әлемге жол тартты: Қай елдерде арнайы сөрелер ашылған?
QazTrade Қытай мен Таиландта қазақстандық өнімдерді таныстырып, Түрікменстанда жаңа сауда сөресін ашуға дайындалып жатыр.
-
Құрылтай сайлауы: Өңірлерде саяси күн тәртібі қалай түзіледі?
Дауыс беру күні жақындаған сайын партиялар өңірлердегі сайлауалды жұмысын жалғастырып жатыр. Науқан аясында жергілікті мәселеге ойысып, әр өңірдің өзекті түйткілдері алдыңғы қатарға шығады. Бір жерде – жұмыспен қамту, енді бірінде – экология, өнеркәсіп, әлеуметтік инфрақұрылым немесе ауылды дамыту м
-
Ақтауда балкон арқылы пәтерге кірмек болған ер адам биіктіктен құлап көз жұмды
Ер адам балкон арқылы пәтерге кірмек болған.
-
Абай облысында бұрынғы әйелін қызғаныштан ұрып өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Ер адам қызғаныш салдарынан бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, ағаш битамен оны бірнеше рет ұрған.
-
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Қаза тапқан қыздың әкесі апелляцияда 100 млн талап етті
Іс апелляциялық тәртіппен қаралды.
-
Comic Con Astana 2026 фестивалін алғашқы күні 16 мың адам тамашалады
Қонақтар үшін концерттер, би шоулары, арнайы шақырылған жұлдыздармен кездесулер, байқаулар, таныстырылымдар және басқа да ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.
-
Қызылордада заңсыз алтын өндірген топ ұсталды: Тінту кезінде қару мен жүздеген грамм алтын табылды
13 адам қамауға алынды. Қылмыстық топтың қалай әрекет еткені тергеу барысында белгілі болды.
-
Қазақстан мектептерінде баға қою тәртібі өзгеруі мүмкін
Оқушылардың тоқсандық бағасы жаңа тәртіппен қойылуы мүмкін.
-
ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 100 миллиард доллардан асуы мүмкін
Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп, маңызды құжаттарға қол қойылды.
-
Тағы өзгеріс болады: Жұмысшылар мен жұмыс берушілер нені білуі керек?
Қазақстанда 2026 жылғы тамыз айында Еңбек кодексіне кезең-кезеңімен өзгерістер енгізіледі. Түзетулер 4, 13 және 25 тамызда күшіне енеді.
-
Қазақстанда баланы мектепке дайындауға қанша теңге кетеді?
Сарапшылар қыз бала мен ұл балаға жалпы есепте қанша кететінін есептеген.
-
Доллар 440 теңгеге дейін арзандай ма? – Сарапшы күздегі бағамға қатысты болжамын айтты
Қаржы сарапшысы теңгені қандай факторлар қолдайтынын, доллар бағамы жаңа дәлізде қашан тұрақтануы мүмкін екенін және оның бағаға қалай әсер ететінін түсіндірді.
-
Тазалық – ортақ міндет: Астанадағы Жетісу саябағында рейд өтті
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Жетісу саябағында қоғамдық тәртіп пен көгалдандыру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
Басты мақсат – қоғамдық тазалықты
-
АҚШ-та туған барлық бала автоматты түрде азаматтық ала алмайды: Трамп жаңа шектеулер енгізбек
Сондай-ақ «босану туризміне» қарсы күресті күшейтпек.
-
Қазақстанда бір апта ішінде қияр, картоп пен қырыққабат бағасы арзандады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері арзандаған.
-
Туризмді мемлекеттік қолдау: Заңдағы өзгерістер қандай жаңалық әкелді?
Қазақстанда туризмді мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдірілуде. Енгізілген өзгерістер биылғы жылдың наурыз айында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның нормаларына сәйкестендіруге бағытталған. Негізгі мақсат – бизнес үшін рәсімдерді түсінікті ету, әкімшілік кеде
-
Орман өртінің алдын алу: «Семей орманы» 3,1 млрд теңгеге заманауи техникамен жабдықталды
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына заманауи арнайы техника сатып алуға 3,1 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады.
Резерваттың материалды
-
Грантпен оқуға түссеңіз де гранттан айырылып қалуыңыз мүмкін: Сарапшы себебін түсіндірді
Грантпен оқуға түссеңіз де гранттан айырылып қалуыңыз мүмкін. Білім саласындағы сарапшы Айдос Жұманазар себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сарапшының сөзінше, өзіңізді грант тізімінен тапсаңыз, сертификатыңызды қолыңызға алсаңыз, алайда түскен оқу орныңызға 25 тамызға дейін құ
-
Килиманджаро шыңында Қазақстанның еңбек адамдарына құрмет көрсетілді
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының туы алғаш рет Килиманджаро шыңына көтерілді
-
Испанияның Сеута қаласына өтуге әрекеттенген 100-ге жуық мигрант қаза тапты
Мароккодан Испанияның Сеута анклавына заңсыз өтпек болған жүзге жуық адам қаза тапты. Бұл туралы қала әкімшілігінің басшысы Хуан Хесус Вивас мәлімдеп, жағдайды гуманитарлық апат деп атады.
Оның айтуынша, мигранттардың басым бөлігі Мароккоға кері қайтарылғанымен, Сеутада әлі де 3 мыңнан 5 мыңға дейі
-
Канье Уэсттің концертіне билет сатпақ болған күдікті ұсталды
Алматыда концерт алдындағы алаяқтық әрекетті полиция дер кезінде тоқтатты. Құқық қорғаушылар тұрғындарға маңызды ескерту жасады.
-
Астана-1 вокзалы заманауи талаптарға сай жаңғыртылуда
Қазіргі таңда құрылыс алаңында 255 маман мен 12 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
-
Ақмола облысында су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді
Қаржы Бурабай ауданы мен Щучинск қаласында жүзеге асырылатын төрт инфрақұрылымдық жобаға бағытталады.
-
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Осыған байланысты тұрғындарға, әсіресе балаларға, қарттарға және тыныс алу жүйесі аурулары бар азаматтарға ұзақ уақыт ашық ауада болмауға кеңес беріледі.
-
Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған
Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.
-
Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды?
Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен. Бір отбасы жылдар бойы жинаған ақшасын бір кешке жұмсаса, енді бірі несие рәсімдейді. Кейбір тойханалар түн ортасына дейін музыка қойып, тұрғындардың ты
-
Alibaba жаңа ЖИ моделін ірі пайдаланушылар үшін ақылы етпек
Сарапшылардың пікірінше, қытайлық жасанды интеллект әзірлеушілері ашық модельдерді кеңінен таратып, кейін коммерциялық пайдаланудан табыс табуға негізделген жаңа бизнес-модельге көшіп жатыр.
-
Әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру: 164 тиімсіз делдал нарықтан шығарылды
Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны өткен кезеңмен салыстырғанда 4,6%-ға баяулаған.
-
Үндістанның Ассам штатындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 95-ке жетті
Су тасқыны салдарынан 16 951 гектар ауыл шаруашылығы алқабы су астында қалды.
-
АҚШ тұмауға қарсы алғашқы мРНҚ негізіндегі вакцинаны мақұлдады
Вакцинаны мақұлдау III фазадағы ауқымды клиникалық зерттеулердің нәтижесіне негізделген.
-
ШҚО-да телевизиялық мұнараға шығып кеткен екі бала құтқарылды
ТЖМ ата-аналарға балалардың қайда жүргенін үнемі бақылап, оларды қараусыз қалған құрылыстар мен өзге де қауіпті нысандарға бармау керектігін түсіндіруге шақырады.
-
Қатты жел, тұман, бұршақ: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, елдің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
-
Тегеран Парсы шығанағы елдерін Трампқа ықпал етуге шақырды
Иран тарапы дипломатиялық шешімді қолдайтынын, алайда елге шабуыл жасалған жағдайда жауап қайтаруға дайын екенін мәлімдеген.
-
Молдова премьері ЕО-ға қосылудың жаңа жоспарын жариялады
Оның айтуынша, Кишинев ЕО-ға мүшелік үдерісінде Черногория, Албания және Исландиямен қатар жүруді жоспарлап отыр.
Наверх