Таиландта жасөспірім жеті адамды атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады

14 жастағы оқушы ата-әжесін өлтіргеннен кейін мектепте қарулы шабуыл жасап, өзіне оқ атқан.

7 Тамыз 2026, 16:01
АВТОР
 REUTERS/Chalinee Thirasupa 7 Тамыз 2026, 16:01
7 Тамыз 2026, 16:01
306
Фото: REUTERS/Chalinee Thirasupa

Таиландтың Бангкок қаласы маңындағы мектепте болған қарулы шабуылдан жеті адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды Reuters.

Полицияның мәліметінше, 14 жастағы оқушы алдымен өз атасы мен әжесін атып өлтірген. Кейін атасына тиесілі қарумен мектепке барып, мұғалімдер мен қызметкерлерге оқ жаудырған. Шабуылдан кейін жасөспірім өзіне оқ атқан.

Фото: REUTERS/Chalinee Thirasupa

Билік оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл – 2022 жылдан бергі Таиландтағы ең ірі жаппай атыс оқиғасы. Сондай-ақ биыл елдегі мектептерде тіркелген екінші қарулы шабуыл.

Наверх