Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адамға үкім шығарды. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот анықтағандай, трагедия 2026 жылғы 17 сәуірде үйлердің бірінің ауласында болған. Мас болған ер адам қызғаныш салдарынан бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, ағаш битамен оны бірнеше рет ұрған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.
Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Іс бойынша жәбірленуші болып танылған марқұмның ағасы жаза мерзімін соттың қарауына қалдырды.
Сот ер адамды адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұдан бөлек, сот сотталған азаматты марқұмның ағасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттеді, - деп жазылған Абай облысы сотының хабарламасында.
Жеке қаулымен сот Семей қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына анасыз қалған екі кәмелетке толмаған баланың ары қарайғы орналасу мәселесін шешуді тапсырды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында қызғаныштан әйелін ұрып өлтірген ер адам сотталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Жамбыл облысында жолға таласқан ағайындылар жүргізушіні соққыға жықты
Шекарада төбелес шығарған көпбалалы анаға қатысты сот үкімі шықты
Ыстықкөлде қазақстандық туристің қатысуымен жанжал шықты