Молдова премьер-министрі Василе Тофан елдің Еуропалық Одаққа Украинамен емес, Балқан елдерімен бірге 2028 жылы қосылуды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Оның айтуынша, Кишинев ЕО-ға мүшелік үдерісінде Черногория, Албания және Исландиямен қатар жүруді жоспарлап отыр.
«Біз Еуропалық Одаққа қосылу жолындағы ең ынталы ел болуымыз керек. Черногория мен Албанияға барынша жақындап, осы үдерісте бірге ілгерілеуді көздейміз. Біздің жоспарымыз – 2028 жылы Черногория, Албания, Исландия және Молдованың бір пакетте ЕО құрамына кіруі», – деді Василе Тофан.
Сонымен қатар, маусым айында IMAS социологиялық компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, Молдова азаматтарының басым бөлігі елдің 2028 жылға дейін Еуропалық Одаққа қосылатынына сенбейді.
Сарапшылардың пікірінше, республикада ЕО-ға мүшелік мәселесіне қатысты қоғамдық пікір әлі де екіге жарылған. Бұл тақырып соңғы жылдардағы президенттік және парламенттік сайлаулар кезінде де саяси пікірталастың өзегіне айналды.