ШҚО-да телевизиялық мұнараға шығып кеткен екі бала құтқарылды

ТЖМ ата-аналарға балалардың қайда жүргенін үнемі бақылап, оларды қараусыз қалған құрылыстар мен өзге де қауіпті нысандарға бармау керектігін түсіндіруге шақырады.

7 Тамыз 2026, 03:40
АВТОР
 Скриншот 7 Тамыз 2026, 03:40
7 Тамыз 2026, 03:40
119
Фото: Скриншот

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында ТЖМ қызметкері мен полиция инспекторы телевизиялық мұнараға шығып кеткен екі баланы қауіпсіз жерге түсірді.

Оқиға Ақжар ауылында профилактикалық рейд кезінде болған. Тарбағатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Архат Нигмашев телевизиялық мұнараның басына шығып кеткен, бірақ өздігінен түсе алмай қалған екі баланы байқайды.

Оқиға орнына Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Диас Жұмаділов келіп, құтқару жұмыстарына қолдау көрсетті. Архат Нигмашев мұнараға көтеріліп, балаларды аман-есен төменге түсірді.

Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балалардың қайда жүргенін үнемі бақылап, оларды қараусыз қалған құрылыстар мен өзге де қауіпті нысандарға бармау керектігін түсіндіруге шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх