Грантпен оқуға түссеңіз де гранттан айырылып қалуыңыз мүмкін: Сарапшы себебін түсіндірді

7 Тамыз 2026, 10:11
АВТОР
 ©️ ЖИ: BAQ.KZ 7 Тамыз 2026, 10:11
7 Тамыз 2026, 10:11
112
Фото: ©️ ЖИ: BAQ.KZ

Грантпен оқуға түссеңіз де гранттан айырылып қалуыңыз мүмкін. Білім саласындағы сарапшы Айдос Жұманазар себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сарапшының сөзінше, өзіңізді грант тізімінен тапсаңыз, сертификатыңызды қолыңызға алсаңыз, алайда түскен оқу орныңызға 25 тамызға дейін құжат тапсырмасаңыз, гранттан бас тартқан болып саналасыз. 

Ол қалай жұмыс істейді? 

Айдос Жұманазардың сөзінше, грантқа түскен оқушы 25 тамызға дейін құжатын тапсыруы қажет. Осылайша ол грантпен оқитынын растауы қажет. Оқу орны келмеген талапкердің бәрін гранттан бас тартты деп санап, ол оқуға түсе алмай қалған басқа оқушылардың арасында ойнатылады. 

Сондықтан қай қалаға оқуға түссеңіз де 25 тамызға дейін барып құжаттарыңызды тапсырыңыз. Онлайн, үйде отырып өткізуге болмайды. Барып өткізу қажет. Ол міндетті, - дейді сарапшы. 

Еске салайық, мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі бүгін, 7 тамызда жарияланады.

2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) шамамен 233 мың талапкер қатысып, олардың 76%-ы шекті балл жинап, мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу құқығына ие болды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова мәлімдеді.

Наверх