Ақтауда балкон арқылы пәтерге кірмек болған ер адам биіктіктен құлап көз жұмды

Ер адам балкон арқылы пәтерге кірмек болған.

7 Тамыз 2026, 14:15
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві 7 Тамыз 2026, 14:15
7 Тамыз 2026, 14:15
114
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ақтауда ер адам көпқабатты үйдің биіктігінен құлап, қаза тапты. Әлеуметтік желілерде марқұмның бұрын прокуратура органдарында жұмыс істегені туралы ақпарат тарауда. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті BAQ.KZ тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Полицияның мәліметінше, бұл қайғылы оқиға 25 шілдеде болған.

«25 шілдеде ер адам балкон арқылы пәтерге кірмек болып, биіктіктен құлап кеткен. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД BAQ.KZ сауалына берген жауабында.

Сонымен бірге әлеуметтік желілер мен БАҚ-та марқұмның бұрын Түпқараған ауданының прокуроры қызметін атқарып, кейін зейнетке шыққаны туралы ақпарат пайда болды.

Полиция департаменті бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Оқиғаның басқа да мән-жайлары қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте екі жасар бала 9-қабаттағы терезеден құлады.

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада 7 жастағы бала 13-қабаттан құлап, көз жұмды

Дәрігерлер 5-ші қабаттан құлаған төрт жасар баланы аман алып қалды

Алматыда 6-қабаттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Наверх