Қазақстан бірқатар елмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтеді

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жұмыстарын жандандыру және жаңа бірлескен бастамаларды айқындау тапсырылды.

 Үкіметтің баспасөз қызметі 7 Тамыз 2026, 22:23
7 Тамыз 2026, 22:23
135
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркия, Қытай, Әзербайжан, Корея Республикасы, Жапония, Тәжікстан, Франция, Германия, Ұлыбритания және Түрікменстанмен сауда-экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында аталған мемлекеттермен өзара тиімді байланыстарды нығайту мәселесі талқыланды. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және бірлескен жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ шетелдік серіктестермен экономикалық байланыстардың негізгі бағыттары қаралып, сыртқы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары айқындалды.

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту Қазақстанның өнеркәсіптік және технологиялық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жұмыстарын жандандыру және жаңа бірлескен бастамаларды айқындау тапсырылды.

Наверх