Астананың екі тұрғыны шалшық суға шомылғаннан кейін қамауға алынды

Екі тұрғын шалшыққа шомылып, тәртіп бұзған.

 видеодан скриншот 7 Тамыз 2026, 17:08
7 Тамыз 2026, 17:08
223
Фото: видеодан скриншот

Астананың екі тұрғыны шалшық суға шомылғаннан кейін ұсақ бұзақылық жасап, қамауға алынды. 

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері тұрғын үй кешенінің ауласындағы жаңбырдан жиналған шалшықтың ішінде отырған екі ер адамның алкогольдік ішімдік ішіп, суды шашыратып, оны балаларға қарай сермеп жатқан сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталды. Олар – 37 жастағы Алексей Свиридов пен 35 жастағы Владимир Логвин. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат та ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот шешімімен Алексей Свиридовқа 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Ал Владимир Логвин 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция қоғамдық орындардағы мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында қатаң құқықтық баға беріледі.

Еске салайық, бұған дейін «Бәйтерек» маңында атпен жүрген адам жауапқа тартылды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада видео түсіріп тұрып «ашуланған» жігіт 5 тәулікке қамалды 

Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Бес көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх