Все новости за 15 сәуір 2026
-
-
Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылып, қамауға алынды
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
-
Қазақстанда шетелден алимент өндіріп алу тәртібі жеңілдетілді
Хаттама трансшекаралық жағдайларда алимент өндіріп алудың тиімділігін арттыруға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған.
-
Іле Алатауының бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды.
-
Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 млн баррель мұнай сатып алады
Кан Хун Сиктің Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріне жасаған сапарының қорытындысы жарияланды
-
Бейсенбі күні қай өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Ертең бірнеше аймақта жаңбыр, найзағай күтіледі, таулы аудандарда тұман түсіп, жауын-шашын болуы мүмкін.
-
Президент жаңа заңдарға қол қойды
Заңнамаға қандай жаңалықтар енді?
-
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей мен Әзербайжан AZAL-ға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады
2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ құлаған.
-
Алтын медаль алды: Таеквондошы Айым Серікбаева жастар арасында әлем чемпионы атанды
20 жылдан кейінгі тарихи алтын.
-
Таяу Шығыстағы ахуал: Қазақстан Президенті БАӘ-ге тілектестік білдіріп, хат жолдады
Қиын сәттегі шынайы бауырластық пен қолдау
-
Ақтөбеде далаға қоқыс төккен «Газель» жүргізушісі ұсталды
Ол бірнеше қап тұрмыстық қалдықтарды төккен.
-
Қаңғыбас иттерге бөлінген миллиардтар қайда? Депутаттар тексеру жүргізуді талап етті
Жануарларға бөлінген бюджет қомақты қаржы қайда жұмсалды?
-
Қазақстанның экономикалық реформалары Дүниежүзілік банк тарапынан қолдау тапты
Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастың басым бағыттары мен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады
-
Вашингтон келісімі: «Қарағанды – Жезқазған» жолына 650 млрд теңге бөлінді
Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды.
-
Түркия мектебінде тағы да атыс: 4 адам қаза тапты
Қаһраманмараштағы мектептердің бірінде атыс болып, соның салдарынан төрт адам қаза тауып, 20-ға жуығы жараланды.
-
Қазақстандықтарға қосымша өмірлік зейнетақы төленеді: 5,8 млн адамның шотына 951 млрд теңге түсті
Зейнетақыға миллиардтар аударылды.
-
Жетісуда жалған бизнес ұсынып, 100 млн теңгеге алдаған "кәсіпкер" әйел сотталды
Жетісу облысында аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол өзін табысты компания басшысы ретінде таныстырып, азаматтарға ұсақ мал жеткізуге байланысты тиімді бизнес жобаны ұсынған.
-
Гүл үшін айыппұл: Қазақстанда сирень жұлуға қандай жаза бар?
Егер гүлді бұтасымен жұлып, ағашқа немесе өсімдікке елеулі зиян келтірсеңіз, онда 381-баптың 1-бөлігі қолданылады. Яғни 50 АЕК- шамамен 216 000 теңге айыппұл қарастырылған.
-
Астана қаржы орталығы бюджетке 284 миллиард теңге аударды
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады.
-
Ақтөбеде автобустан құлаған әйелге 2 млн теңге өтемақы төленеді
Ақтөбеде автобуста құлап, омыртқасын зақымдаған әйел сот арқылы 2 млн теңге өтемақы өндіріп алды. Автопарк жауапқа тартылды.
-
Болашақ зейнетақыңыз қанша болады? БЖЗҚ онлайн есептеу жолын көрсетті
Зейнетақыны алдын ала есептеу мүмкіндігі туды.
-
Пневмококк инфекциясы ересектер үшін қаншалықты қауіпті? Мамандар вакцинацияның маңызын түсіндірді
Егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар пациенттер үшін бұл инфекцияның даму қаупі мен ауыр салдары әлдеқайда жоғары.
-
Айхан, Ерхан, Рамазан: Атырауда үшем дүниеге келді
Нәрестелердің үшеуі де – ер бала. Оларға Айхан, Ерхан және Рамазан есімдері берілді.
-
Конституция реформасынан кейінгі кезеңде ережелер емес, мінез-құлық сыналады – саясаттанушы
Референдумнан кейін басты сұрақ өзгерді: енді ережелер емес, адамдардың әрекеті сыналады. Сарапшы жаңа Конституцияның шынайы сынағы неде екенін айтты.
-
Жамбыл облысында қорадан екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
-
Жаһандық су дағдарысы күшейіп келеді – Тоқаев БҰҰ деңгейінде тың ұсыныс жасады
Президент БҰҰ өкілімен су ресурстары мәселесін талқылады. Қазақстан ұсынған жаңа бастама жаһандық деңгейде өзгеріс әкелуі мүмкін.
-
Бектенов Түркия инвесторларын Қазақстанға шақырды
Үкімет басшысы 53 келісімге қол қойылғанын айтты.
-
Ірі келісімдер қарсаңында: Тоқаев Түркия вице-президентімен келіссөз жүргізді
Астанада өткен кездесу екі ел байланысын жаңа деңгейге шығаруы мүмкін. Алда маңызды сапар мен келісімдер күтіп тұр.
-
Бектенов: Қазақстан мен Түркия экономикалық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп жатыр
Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда өсіп, инвестиция миллиардтаған долларға жетті. Бектенов жаңа мүмкіндіктер туралы айтты.
-
Погон таққан лудоман: Павлодарда колония қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Лудоманиядан зардап шегетін түзеу мекемесінің қызметкері жазаланды.
-
Қазақстанда қарыз кешіру жеңілдейді: Өзгеріс кімге қатысты?
Қазақстанда қарыздарды есептен шығару тәртібін жеңілдету жоспарланып отыр. Сонымен қатар “проактивті банкроттық” тетігі енгізілмек.
-
Түркия вице-президенті: Қазақстанмен сауда 15 млрд долларға жетуі мүмкін
Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі 15 млрд долларға жетуі мүмкін. Энергетика, инвестиция және жаңа жоспарлар жайлы вице-президент не деді?
-
Қазақстанда сегізінші саяси партия пайда болуы мүмкін
«Әділет» жаңа саяси партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ өз бағдарламалық мақсаттарын жариялады
-
Президенттеріміз белгілеген ортақ көзқарасты бірге жүзеге асырып жатырмыз – Түркия вице-президенті
Джевдет Йылмаздың айтуынша, аймақтағы және әлемдегі өзгерістер елдер арасындағы бірлікті нығайтып, ынтымақтастықты арттыруды талап етеді.
-
Қос аққуды құтқарған азамат оларды Ғашықтар күні қарсаңында еркіне жіберді
Аққулар Ғашықтар күні қарсаңында мекеніне оралды.
-
Қазақстанда ипотека беру қатаңдатылады
Қазақстанда банктер ипотека беру кезінде қарыз алушыларды қатаңырақ бағаламақ. Сондай-ақ билік жеңілдетілген бағдарламаларды нақты мақсатты топтарға бағыттауды жоспарлап отыр.
-
– 18°С: Қазақстанның солтүстігі мен шығысында аяз болады деп болжануда
Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.
-
Енді қайтыс болған адамның зейнетақысын туыстары бірреттік төлеммен ала алады
Мәжіліс зейнетақы аннуитетіне қатысты жаңа өзгеріс енгізді
-
Банктен несие алу қиындағанымен, халық қарыз алудың басқа жолын тапқан
Банктік несиеге қойылған талаптардың күшеюі ломбард нарығына сұранысты арттырған.
-
“Кредитімді жаппай тыныштық таппаймын”: Әбілқасымованың да қарызы бар
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы өзін қарыз алушы ретінде қалай ұстайтынын айтты
-
Мұғалім ешқашан лимузин жалдаңдар демейді – Аймағамбетов түлектер кеші туралы
Депутат ата-аналардың жауапкершілігін еске салды
-
Сел қаупі күшейіп тұр: Депутат Үкіметтен шұғыл шаралар қабылдауды талап етті
Мәжіліс депутаты Қазақстандағы сел қауіпсіздігі жүйесіндегі кемшіліктерді көтеріп, Үкіметке нақты ұсыныстар жолдады.
-
Қарағанды облысында басына кірпіш құлаған баланың жағдайы ауыр: Жаңа мәліметтер пайда болды
Кірпіші құлаған Мәдениет үйі ғимаратына соңғы рет төрт жыл бұрын жөндеу жүргізілген.
-
Қазақстандықтарға қарыз аз беріле бастады: Кім несие ала алмайды?
Агенттіктің ақпаратынша, тұтынушылық несие беру қарқыны төмендеген.
-
Әріптесін қағып өлтірген "Родина" жүргізушісіне шартты жаза берілді
Ақмола облысында әріптесін абайсызда көлікпен қағып, өліміне себеп болған жүргізуші 2,5 жылға шартты түрде сотталды.
-
МӘМС қаржысы талан-таражға түскен: Түркістанда жалған қызметпен 294 миллион теңге игерілген
Түркістан облысында МӘМС қаражатын заңсыз жымқыру деректері анықталды. Жалған медициналық қызметтер арқылы жүздеген млн теңге игерілген.
-
Қазақстан мен Түркия энергетика саласында уағдаласты: Қандай жобалар іске асады
Қазақстан мен Түркия энергетикада жаңа келісімдерге келді. Мұнай-газдан бастап «жасыл» энергияға дейін қандай ірі жобалар жоспарланып отыр?
-
Қазақстанда тағы бір агенттік құрылуы мүмкін
Құжат кредиттік рейтингтік агенттіктердің жаңа моделін енгізуді көздейді.
-
Әлемде: АҚШ Тынық мұхитында күдікті кемені жойды, Түркия мектебінде қан төгілді, Иранмен текетірес шиеленісті
АҚШ күдікті кемеге соққы жасады, Түркияда мектепте атыс болды, Иранмен келіссөздер шиеленісті. Әлемдегі қауіпті оқиғаларды толығырақ дайджестімізден оқи аласыздар.
-
Теңге нығайып жатыр: Ұлттық банк себебін атады
Мұнай бағасы, доллар динамикасы және бюджетке әсері туралы Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді.
-
Қазақстан дәрігерлері Түркияда оқытылады: Медицина саласындағы ынтымақтастық кеңейіп жатыр
Қазіргі таңда ауруханалар құрылысы, онкологиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ университеттік клиникалар мен фармацевтикалық өндірісті дамыту жобалары іске асырылуда.
-
Құтқарушылар ТЖ кезінде көлікті бұза ала ма? Депутат заңды түсіндірді
Депутат Абзал Құспан құтқарушылар әрекетіне қатысты пікір білдірді.
-
Қазақстан Түркияға астық экспортын ұлғайтуды көздейді
Қазақстан Түркияға астық экспортын арттырмақ. Сауда өсіп, энергетикада да жаңа келісімдер талқылануда. Толығырақ – кім не ұсынды?
-
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 9%-ға өсті
2005 жылдан бері еліміздің экономикасына 6 млрд доллардан астам түрік инвестициясы тартылса, былтырдың өзінде бұл көрсеткіш 390 млн долларға жуықтады.
-
Орта дәліз күшейді: Қазақстан мен Түркия арасындағы жүк тасымалы 35%-ға өсті
Бүгінде бұл бағыт Еуропа мен Азия арасындағы сенімді және бәсекеге қабілетті көлік дәлізі ретінде қалыптасуда. Жүктерді жеткізу мерзімі 13 күнге дейін қысқартылды.
-
Ердоған мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Олжас Бектенов екі ел көшбасшылары арасында игі дәстүрге айналған шынайы достық екіжақты қатынастарды тереңдетуге берік негіз қалағанын айтты.
-
Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндіріліп, 95 борышкер қамалды
Алматы облысында алимент төлемегендерден 500 млн теңге өндірілді. 13 адамға қылмыстық іс қозғалып, 95 борышкер қамауға алынды.
-
Аида Балаева: Мемлекет мәдениет саласына ерекше мән береді
«Жастар» театры 2025 жылы Алжирде өткен The International Cultural Festival of Desert Theatre фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.
-
Тоқаев жаңа тағайындау жасады: «Батыс» қолбасшылығына Нұрлан Кәрібаев келді
Президент өкімімен Нұрлан Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Оның өмірбаяны мен қызмет жолы.
-
Көлік жүргізуге қауіпті дәрілер қандай? Дәрігер тізім жариялады
Дәрі қабылдағаннан кейін ұйқышылдық, әлсіздік, бас айналу немесе зейіннің төмендеуі байқалса, көлік жүргізуге болмайды.
-
АҚШ Тынық мұхитында күдікті кемеге соққы жасады: 4 адам қаза тапты
Бұған дейін әскери күштер сенбіде екі, ал дүйсенбіде тағы бір кемені жойғанын хабарлаған.
-
Алаяқтар билеттерді қымбат бағаға сатады
ІІМ концерт билеттерін сатып алу кезіндегі алаяқтық қаупі туралы ескертеді.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
-
Астана жаңа мәртебе алады: бюджет пен өңірлерге қалай әсер етеді – Ұлттық экономика министрлігінің жауабы
Астанаға жаңа мәртебе Конституциялық заң деңгейінде бекітіледі, алайда бюджет пен өңірлер арасындағы қаражат бөлу өзгермейді.
-
Сиреньнің де сұрауы бар: Рұқсатсыз жұлғандарға айыппұл салынады
Қазақстанда сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға айыппұл салынады. Қала аумағындағы гүлді зақымдағаны үшін жеке тұлғаларға шамамен 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
-
Трассадағы триллер: Жүргізуші асқан ептілігінің арқасында екі фураның арасынан аман өтті
Ақтөбе облысының тұрғыны Қанат Бекжанов қарсы беттен ұшып келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан өтіп, аман қалды.
-
Норвегияда оқушы тұрақтағы автобусты айдап кеткен
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
-
Семейде монша кешені өртенді
Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтау және оқиға орнына жақындамау сұралды.
-
Шымкентте жол қозғалысы ережесін бұзған автокортеж тоқтатылды
Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, құқықбұзушылықтар тоқтатылды.
-
АҚШ Иранмен келіссөздердің екінші кезеңін өткізуді қарастыруда
Иранның мемлекеттік БАҚ-тары келіссөздердің тағы бір кезеңін өткізу туралы шешім әлі қабылданған жоқ деп хабарлайды.
-
Маңғыстау облысында қыз алып қашпақ болған 5 жігіт сотталды
Күдіктілер Қылмыстық кодекстің "Адам ұрлау" және "Неке қиюға мәжбүрлеу" баптары бойынша кінәлі деп танылды.
-
Үзіліс кезінде болған: Таразда 10-сынып оқушысы соққыдан көзінен айырылды
Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Наверх