Түркия мектебінде тағы да атыс: 4 адам қаза тапты

Қаһраманмараштағы мектептердің бірінде атыс болып, соның салдарынан төрт адам қаза тауып, 20-ға жуығы жараланды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 19:09
Бүгiн 2026, 19:09
120
Фото: видеодан скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың арасында бір мұғалім және үш оқушы бар. Шабуыл жасаған адам осы мектептің оқушысы екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ порталы TRT Haber-ге сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 14:00-де болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен шұғыл қызметтер жедел жетті.

Мәлім болғандай, қаскөйді мұғалімдердің бірі ұстаған.

Қысқа уақыт ішіндегі екінші жағдай

Бұл соңғы күндері Түркия мектептерінде болға, осындай екінші оқиға. Бұған дейін Шанлыурфа провинциясында атыс болған еді.

Ол кезде 18 жастағы жігіт шабуылдап, атыстан 16 адам зардап шекті. Олардың арасында мұғалімдер, оқушылар, полиция қызметкері және мектеп асханасының қызметкері болды.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кеткені хабарланды. 

Содан кейін ҚР СІМ Стамбулда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады

Тағы оқи отырыңыздар:

Шығыс Қазақстан облысында жас жігітті атып кетті

Жамбыл облысында әскери бөлімде қарауыл бастығы оқ тиіп, көз жұмды

АҚШ-та белгісіз бір адам барға келушілерге оқ атты

 

Наверх