Қазақстанда сегізінші саяси партия пайда болуы мүмкін

«Әділет» жаңа саяси партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ өз бағдарламалық мақсаттарын жариялады

 «Әділет» партиясы Бүгiн 2026, 14:50
Бүгiн 2026, 14:50
130
Фото: «Әділет» партиясы

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді.

Бүгін бастамашыл топ жаңа «Әділет» саяси партиясын құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады. Жаңа партия өзін прогрессивті реформалардың жақтаушысы, Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдаушы ретінде танытады.

«Әділет» партиясының негізгі мақсаты мен міндеттері – Жаңа Конституция қағидаттары мен Әділетті Қазақстан құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау.

Жаңа ұйымның миссиясы – 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Жаңа партия прогрессивті жастарды, түрлі сала мамандарын, қала мен ауыл тұрғындарын, яғни отандастарымыздың мүдделерін шынайы қорғауға және баршаға ортақ әділдікті орнатуға атсалысуға дайын қазақстандықтардың басын біріктіреді.

Біз экономикасы қуатты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта абыройлы да беделді, Әділетті мемлекет құру және оны нығайтуға мүдделі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді, - деп мәлімдеді бастамашылар.

Әділдік, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік жәнепрогресс құндылықтарына сүйене отырып, партия бастамашылары мынадай басымдықтарды жариялады:

  • Барлық қазақстандықтар үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, кландық, өңірлік ерекшеліктердің ықпалын азайту;
  • Тәуелсіз, тиімді әрі объективті құқық қорғау және сот жүйесін нығайту;
  • Экономикалық әділдік пен Қазақстанның тұрақты дамуы.

 

Наверх