Трассадағы триллер: Жүргізуші асқан ептілігінің арқасында екі фураның арасынан ааман өтті

Ақтөбе облысының тұрғыны Қанат Бекжанов қарсы беттен ұшып келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан өтіп, аман қалды.

 скрин Бүгiн 2026, 06:39
Бүгiн 2026, 06:39
99
Фото: скрин

Ақтөбе облысында жүргізуші мен жолаушылар өте қауіпті жағдайда аман қалды. Оларға қарсы бағытта екі жүк көлігі екі жолақты да жауып, жоғары жылдамдықпен келе жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кадрлардан бір жүк көлігінің өз жолағымен келе жатқаны, ал екіншісінің басып озу үшін қарсы жолаққа шыққаны көрінеді. Жеңіл көлік жүргізушісінде басқа амал болмаған, ол екі жүк көлігінің арасынан өтіп үлгерген.

Көлікті тізгіндеген Ақтөбе облысының тұрғыны Қанат Бекжанов дер кезінде әрекет етіп, жол апатынан аман қалған. Бір күннің ішінде ол әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланып, батылдығымен көзге түсті.

Жүргізушілік тәжірибесі – бес жыл

Мен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданынанмын. Ақтөбе рельс-балка зауытында жұмыс істеймін. Бос уақытымда қосымша шаштараз болып табыс табамын. 11 сәуір күні жұбайым және үш баламмен бірге әйелімнің туыстарынан ауылдан қалаға қайтып келе жатқанбыз. Оқиға Қарабұтақ ауылы маңындағы трассада болды, – дейді ол.

Ең қатты қорыққан – жұбайы

Шешімді санаулы секундта қабылдау керек болды. Қарсы келе жатқан жүк көлігі жол бермейтінін түсіндім. Жағдай өте қауіпті болды, жалғыз мүмкіндік – екі жүк көлігінің арасынан өту еді. Өз жолағымен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі сәл шетке ығысып, орын берді, мен сол арадан өте шықтым. Қасымда жұбайым мен үш балам болды, бәрі артқы орындықта отырған. Ол сәтте қорқуға уақыт болмады. Кейін ғана оның қаншалықты қауіпті болғанын түсіндім, – деп бөлісті Қанат.

Жүк көлігінің жүргізушісі жазалана ма?

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жүк көлігін басқарған жүргізушінің жеке басы анықталып жатқанын хабарлады. Ол заң бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, шамамен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Канат Бекжанов (@shomekei88)

Наверх