Қазақстан дәрігерлері Түркияда оқытылады: Медицина саласындағы ынтымақтастық кеңейіп жатыр

Қазіргі таңда ауруханалар құрылысы, онкологиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ университеттік клиникалар мен фармацевтикалық өндірісті дамыту жобалары іске асырылуда.

 Бүгiн 2026, 10:55
Бүгiн 2026, 10:55
149

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті күшейтпек. Бұл туралы Үкімет үйінде Түркия вице-президенті Жевдет Йылмазбен өткен комиссия отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет үйінде Қазақстан-Түркия Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысы өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы денсаулық сақтау саласындағы байланыстарға ерекше назар аударылды.

Денсаулық сақтау саласындағы қазақ-түрік қатынастарына ерекше мән береміз. Біз қазақстандық медицина қызметкерлері үшін мамандандырылған оқытуды ұйымдастыру бойынша түрік тарапының қолдауын жоғары бағалаймыз. Атап айтқанда, апаттар медицинасы, шұғыл және жедел медициналық көмек салаларында 40-тан астам қазақстандық маманды оқыту жоспарымыз бар. Екі елдің медициналық университеттері арасында академиялық алмасу бағдарламаларын кеңейту, сондай-ақ қазақстандық дәрігерлердің Түркияның жетекші клиникаларында тағылымдамадан өтуін дамыту біз үшін маңызды, – дейді Олжас Бектенов.

Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық ынтымақтастық оң серпін көрсетуде.

Қазіргі таңда ауруханалар құрылысы, онкологиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ университеттік клиникалар мен фармацевтикалық өндірісті дамыту жобалары іске асырылуда. Әлемдегі үздік жүйелердің бірі саналатын e-Nabız ақпараттық платформамен таныстық. Аталған жоба шынымен қызығушылығымызды тудырды. Біз Түркия Республикасының медициналық деректерді басқару саласындағы тәжірибесін зерделеуге және оны іс жүзінде қолдануға мүдделіміз, – дейді Олжас Бектенов.

Наверх