Семейде монша кешені өртенді

Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтау және оқиға орнына жақындамау сұралды.

 instagram.com/ikomek109_semey Бүгiн 2026, 00:42
Бүгiн 2026, 00:42
125
Фото: instagram.com/ikomek109_semey

Семей қаласында монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы iKomek Semey қызметі ақпарат таратты.

Мәліметке сәйкес, өрт Мичурин көшесі, 177 мекенжайында орналасқан "Банный дом" кешенінде болған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Себептері мен мән-жайы анықталуда, – деп жазылған 109 қызметінің хабарламасында.

Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтау және оқиға орнына жақындамау сұралды.

Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласында тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан үш бала қаза тауып, олардың анасы күйікпен ауруханаға жеткізілген болатын.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ikomek Semey (@ikomek109_semey)

Наверх