Сәуір келісімен қала көшелері гүлге оранып, әлеуметтік желілерде сирень ұстап түскен суреттер көбейеді. Әсіресе қыз-келіншектерге гүл сыйлау трендке айналып отыр. Алайда көпшілік біле бермейтін бір жайт бар: көшеден гүл жұлу – заң бұзушылық.
Заң не дейді?
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, жасыл желектерді зақымдағаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Атап айтқанда, 505-бап бойынша, жасыл желектерді бүлдіргені үшін жеке тұлғаларға – 20 АЕК айыппұл салынады. Бұл шамамен 78 000 теңге
Ал егер гүлді бұтасымен жұлып, ағашқа немесе өсімдікке елеулі зиян келтірсеңіз,онда 381-баптың 1-бөлігі қолданылады. Яғни 50 АЕК- шамамен 216 000 теңге айыппұл қарастырылған.
Көшедегі сирень – ортақ мүлік, ол қаланың экологиялық балансының бір бөлігі. Мұндай әрекеттер қаладағы жасыл желектің азаюына, экожүйенің бұзылуына әкеледі.
"Заң мен Тәртіп – 1 минутта" жобасында гүлді жұлғандарға қандай жауапкершілік қарастырылғаны туралы айтамыз.
Бұған дейін сиреньді рұқсатсыз жұлғандарға айыппұл салынатынын жазған едік.