Іле Алатауының бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды

Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды. 

 Іле алатауы / kazgazeta.kz Кеше 2026, 22:30
Кеше 2026, 22:30
94
Фото: Іле алатауы / kazgazeta.kz

Алматы прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде 4,2 га жер учаскесі жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Даулы жер учаскесі сауықтыру мақсатындағы жерлерге жатады және экологиялық желінің элементі саналады. 

Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты. 

Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Наверх