“Кредитімді жаппай тыныштық таппаймын”: Әбілқасымованың да қарызы бар 

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы өзін қарыз алушы ретінде қалай ұстайтынын айтты

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 13:10
Бүгiн 2026, 13:10
120
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жеке қаржылық тәжірибесі туралы айтып, өзі де несие алатынын жасырмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, қазіргі таңда банктердің цифрландыру деңгейі жоғары, ал көптеген қызметті мобильді қосымшалар арқылы оңай алуға болады.

Кредитім бар. Тұтынушы ретінде мен де банктің қызметін пайдаланамын. Банктердің цифрландыру деңгейі өте жоғары. Мобильді қосымша арқылы әртүрлі қызмет аламын, – деді ол.

Журналистердің “Сіз жақсы қарыз алушысыз ба?” деген сұрағына Әбілқасымова қысқа жауап берді.

Соған тырысамын. Бірнеше рет кредит алдым. Оны толық жаппайынша, тыныштық таппаймын, – деді агенттік басшысы.

Наверх