Вашингтон келісімі: «Қарағанды – Жезқазған» жолына 650 млрд теңге бөлінді

Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды.

 Үкімет Бүгiн 2026, 19:20
Бүгiн 2026, 19:20
112
Фото: Үкімет

Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.

Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді.

Қазіргі уақытта конкурстық рәсім соңғы сатыда тұр. Жолдың ұзындығы 457 шақырым. Жобаның құны 650 млрд теңге. Биыл автожол құрылысы басталады. Жоба сонымен қатар логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Наверх